+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ – ЕҢБЕК АДАМДАРЫНЫҢ МҮДДЕСІ ҮШІН ЖҰМ…
Новости территориальных организаций 27 января 2026

ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ – ЕҢБЕК АДАМДАРЫНЫҢ МҮДДЕСІ ҮШІН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ҚҰЖАТ

ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ –  ЕҢБЕК АДАМДАРЫНЫҢ МҮДДЕСІ ҮШІН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ҚҰЖАТ

ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ – ЕҢБЕК АДАМДАРЫНЫҢ МҮДДЕСІ ҮШІН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ҚҰЖАТ Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы Ерұлан Мағзымбеков «Қалық қалай, бастауыш ұйым?» жобасы аясында Қордай ауылындағы А.Байтұрсынов атындағы тірек…

ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ – ЕҢБЕК АДАМДАРЫНЫҢ МҮДДЕСІ ҮШІН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ҚҰЖАТ

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы Ерұлан Мағзымбеков «Қалық қалай, бастауыш ұйым?» жобасы аясында Қордай ауылындағы А.Байтұрсынов атындағы тірек мектебінің ұжымымен кездесті.

Кездесуді ашып, мектептің тыныс-тіршілігімен таныстырған мектеп директоры Мұхтар Байбеков ұжымда 140 адам еңбек ететінін, барлығы да кәсіподақ мүшесі екенін айтты. Өткен жылы аудандық кәсіподақ комитеті филиалы көмегіне 4 мекеме қызметкері жүгініп, құқықтық кеңес алған. Ал 3 адам туристік саяхатқа, 3 адам шипажайларға жолдама алса, тағы бірнеше адам Алакөл мен Ыстықкөл жағалауында демалған.

Кездесуде Жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков Ұжымдық шарт аясында облыстық білім басқармасымен әлеуметтік әріптестік аясында қол жеткізген шарттағы нормаларға тоқталды.

– Сіздердің жұмысқа кіргеннен бастап шыққанға дейінгі құқықтарыңыз Ұжымдық шарт арқылы реттеледі. Еңбек қатынасына байланысты нормалар да осында қамтылған. Мұнда келісілген талаптардың басым бөлігі орындалуда. Шарт тек педагогтер ғана емес, кіші қызметкерлердің де құқығын қорғайды. Ғимарат жөндеуші, электрик, аула сыпырушы, еден жуушы сауықтыру жәрдемақысын алып отыр ма? Міне, осының барлығына осы шартта көзделген нормалар арқылы қол жеткізілуде. Ұжымдық шарт – еңбек адамдарының мүддесі үшін жұмыс істейтін құжат, – деді Ерұлан Сәбенұлы.

Еркін форматта өткен жиында білім қызметкерлері қысылмай көкейіндегі сұрақтарын ашық қойып, пікір алмасты. Директордың орынбасары Мөлдір Мәкетай мұғалімдердің тірек мектебінде жүргізетін жанама пәні бойынша мұғалім санатының сақталуына байланысты сұрақ қойса, бастауыш сынып мұғалімі Ләззат Файзуллаева ақпан айында зейнеткерлікке шығатынын айтып, «Оқу жылы соңына дейін жұмыс істеуіме бола ма, санатым сақтала ма?» деген сауалын қойды. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әсел Жұмабаева вакансияда тұрған сағатты мұғалімдер арасында бөлу талабын жеңілдету қажеттігін көтерді. Бұдан басқа тірек мектебі статусына байланысты тағы басқа сұрақтарға Жергілікті кәсіподақ төрағасының орынбасары Жанболат Орынбеков құқықтық нормалар аясында жауап берді.

Жиын соңында белсенді бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері марапатталды.

 

Жамбыл облыстық ұйымы

ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ –  ЕҢБЕК АДАМДАРЫНЫҢ МҮДДЕСІ ҮШІН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ҚҰЖАТ
ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ –  ЕҢБЕК АДАМДАРЫНЫҢ МҮДДЕСІ ҮШІН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ҚҰЖАТ
ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ –  ЕҢБЕК АДАМДАРЫНЫҢ МҮДДЕСІ ҮШІН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ҚҰЖАТ
1 / 3
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности