+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҰЖЫМ БІРЛІГІ - КӘСІПОДАҚТЫҢ БАСТЫ ТІРЕГІ
Новости территориальных организаций 23 июня 2025

ҰЖЫМ БІРЛІГІ - КӘСІПОДАҚТЫҢ БАСТЫ ТІРЕГІ

ҰЖЫМ БІРЛІГІ - КӘСІПОДАҚТЫҢ БАСТЫ ТІРЕГІ

ҰЖЫМ БІРЛІГІ - КӘСІПОДАҚТЫҢ БАСТЫ ТІРЕГІ Әбіш Кекілбайұлы атындағы мектеп ұжымы жүз пайыз кәсіподақ мүшесі. Әр оқу жылының соңында ұжым мүшелеріне жасақталған жоспар бойынша есеп беріліп, жыл бойы атқарылған жұмыстар туралы ұжымға ақпарлама есебі беріліп отырады. Мектеп…

ҰЖЫМ БІРЛІГІ - КӘСІПОДАҚТЫҢ БАСТЫ ТІРЕГІ

Әбіш Кекілбайұлы атындағы мектеп ұжымы жүз пайыз кәсіподақ мүшесі. Әр оқу жылының соңында ұжым мүшелеріне жасақталған жоспар бойынша есеп беріліп, жыл бойы атқарылған жұмыстар туралы ұжымға ақпарлама есебі беріліп отырады.

Мектеп ұжымындағы бірлік пен ынтымақ – оқу-тәрбие процесінің сапалы жүзеге асуына тікелей әсер етеді.

Кәсіподақ – жай ғана ұйым емес, ол әріптестер арасындағы өзара сенім мен қолдауға негізделген ұйым. Бұл ортада мұғалімдер мен қызметкерлер өздерін жайлы сезінеді, олардың заңды құқықтары мен мүдделері назарда болады.
"Ұжым бірлігі – кәсіподақтың басты тірегі" деген сөздің астарында терең мән бар. Бірлігі жарасқан ұжым ғана алға ұмтылады, кәсіби міндеттерін жауапкершілікпен атқарады және әрдайым қолдау табады.

Биылғы оқу жылында төрт қызметкердің кәсіподақ ұйымы атына жолданған өтініштері қаралып, қанағаттандырылды. Екі ұстазымыз мереке қарсаңында облыстық кәсіподақ ұйымының «Алғысымен», бір ұстаз республикалық кәсіподақ  ұйымының төрағасының  «Құрмет»  грамотасымен  марапатталды. Бірнеше ұстаздар мен қызметкерлердің еңбек жолдары кәсіподақтың әлеуметтік желідегі парақшасына жарияланды.

Салалық кәсіподақ  ұйымының 100 жылдығына байланысты ұжым  атынан  құттықтау жолданды. Кәсіподақ ұйымының атынан  бір ұстазға  жеңілдікпен жазғы демалыс шипажайына  жолдама берілді.

Ұжымдық шарттар орындалып, еңбек жағдайына байланысты мәселелер дер кезінде шешімін тауып, облыстық  кәсіподақ ұйымы  заңгерлерімен үнемі  байланыста болып, сұрақтарына  жауап алды. Аудандық, облыстық кәсіподақ  төрағалары А. Шугурова  мен  Т. А. Баймбетова  бастаған ұжымға алғысымыз  шексіз.

Жас мамандарға қолдау көрсету – кәсіподақ жұмысының тағы бір маңызды бағыты. Олар ұйым жұмысына белсенді араласып, ұжымдық өмірге тез бейімделіп, тәжірибелі ұстаздармен тығыз байланыс орнатуда. Осы бағытта кәсіподақ ұйымының қолдауымен 8-12 шілде аралығында Абай облысы Алакөл аумағында орналасқан демалыс кешенінде өтетін Республикалық жазғы лагерьге мектебімізден бір жас маманы жолдама алып отыр.  

Кәсіподақ жұмысының басты мақсаты – тек еңбек құқығын қорғау ғана емес, ұжымда жайлы орта қалыптастыру. Ұжым ішінде бірлік болса, барлық қиындықты бірігіп еңсеруге болады. Сондықтан да кәсіподақ ұйымы – осы бірліктің, ынтымақтың, ортақ жауапкершіліктің тірегі.

Болашақта да кәсіподақ осы бағыттағы жұмысын жалғастырып, әрбір қызметкер үшін сенімді ұйым болып қала береді.
 
К.Саржанова,
Маңғыстау ауданы, Ә.Кекілбаев атындағы ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы.

ҰЖЫМ БІРЛІГІ - КӘСІПОДАҚТЫҢ БАСТЫ ТІРЕГІ
ҰЖЫМ БІРЛІГІ - КӘСІПОДАҚТЫҢ БАСТЫ ТІРЕГІ
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности