+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҮЗДІКТЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Новости территориальных организаций 19 апреля 2026

ҮЗДІКТЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

ҮЗДІКТЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

ҮЗДІКТЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ 🎉 Бүгін Ақтөбе оьлысы Мәртөк аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен білім мен ғылым додасында оза шауып, облыстық олимпиаданың жеңімпаздары атанған жас дарындарды ұлықтауға арналған салтанатты бас қосу өтті. Бұл іс-шара ауданның…

ҮЗДІКТЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

🎉 Бүгін Ақтөбе оьлысы Мәртөк аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен білім мен ғылым додасында оза шауып, облыстық олимпиаданың жеңімпаздары атанған жас дарындарды ұлықтауға арналған салтанатты бас қосу өтті. Бұл іс-шара ауданның білім саласындағы жетістіктерін саралап, үздік оқушылар мен ұстаздардың еңбегін лайықты бағалауға бағытталды.


📊 Мәртөк ауданының 9–11 сынып оқушылары жыл сайын республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.  2021 жылы ІІ орын, 2022 жылы ІІІ орын, 2023 жылы ІІІ орын иеленсе, 2026 жылы І орын иегері атанды. Бұл жетістік ауданның білім беру жүйесінің жүйелі жұмысының, ұстаздардың кәсіби шеберлігінің және оқушылардың тынымсыз еңбегінің нақты дәлелі болып табылады.


👩‍🏫Салтанатты жиын барысында білім саласының дамуына елеулі үлес қосқан ұстаздар арнайы марапатталды және оқушылары жоғары нәтиже көрсеткен мұғалімдерді Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева мен аудан әкімі Медет Ысқақов құттықтап, алғыс хаттар мен гүл шоқтарын табыстады. Олардың еңбегіне ерекше ілтипат білдіріліп, кәсіби жетістіктері атап өтілді.


🎁 Сонымен қатар аудандық білім саласы қызметкерлері кәсіподақ ұйымының атынан 22 мұғалімге 50 мың теңгелік сертификаттар табысталды. Бұл қадам ұстаздарға көрсетілген қолдау мен құрметтің айқын көрінісі болып, олардың еңбегін одан әрі ынталандыруға бағытталды.


🌟 Жалпы бұл салтанатты жиын Мәртөк ауданының білім саласындағы жетістіктерін айқындап қана қоймай, жас ұрпақтың білімге деген құштарлығын арттырып, ұстаз еңбегінің қоғамдағы мәртебесін тағы бір мәрте биіктетті.

 

--
Ақтөбе облыстық кәсіподағы

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности