+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҮЗДІК ҰЙЫМДАР АНЫҚТАЛДЫ
Новости территориальных организаций 25 декабря 2025

ҮЗДІК ҰЙЫМДАР АНЫҚТАЛДЫ

ҮЗДІК ҰЙЫМДАР АНЫҚТАЛДЫ

ҮЗДІК ҰЙЫМДАР АНЫҚТАЛДЫ Кәсіподақ қозғалысының дамуына серпін беріп, ұйымдар арасындағы тәжірибе алмасуды арттыру мақсатында «Ең үздік филиал» және «Ең үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» байқауы өтті. Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу»…

ҮЗДІК ҰЙЫМДАР АНЫҚТАЛДЫ

Кәсіподақ қозғалысының дамуына серпін беріп, ұйымдар арасындағы тәжірибе алмасуды арттыру мақсатында «Ең үздік филиал» және «Ең үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» байқауы өтті.

Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы өткізген байқауда кәсіподақ жұмысының барлық негізгі бағыттары қамтылып, ұйымдардың белсенділігі мен нәтижелілігін жан-жақты бағалауға мүмкіндік берілді.

Аталған шара барысында филиалдар мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының еңбек құқықтарын қорғау, әлеуметтік-экономикалық мүдделерді қамтамасыз ету, ұжымдық шарттардың орындалуы, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, жастар саясаты, әйелдер мен ардагерлерге қолдау көрсету, мәдени-спорттық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде сарапталды.

Жыл бойы кәсіподақ ұйымдары мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, әлеуметтік қолдау шараларын күшейту, қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарды. Сонымен қатар, түрлі семинарлар, кездесулер, спорттық және мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, кәсіподақ мүшелерінің ұйымға деген сенімі мен белсенділігі артты.

Байқау қорытындысында облыстық ұйымның төрағасы Мэлс Төлепбергенов бір жылда атқарылған жұмыстарды саралап, облысқа қарасты 28 бастауыш кәсіподақ ұйымының іс номенклатурасы бір жүйеге келтірілгенін жеткізіп, филиалдарға облыстық деңгейде әдістемелік көмек көрсетілгенін айтып, нәтижесін таныстырды.

​«Ең үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» облыстық байқауында І орынды Талдықорған қаласының облыстық №2 арнайы мектеп –интернаты, ІІ орынды Регбиден мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, ІІІ орынды Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы иеленді.

​Ал, «Ең үздік филиал» байқауында І орынды Талдықорған қалалық филиалы, ІІ орынды Кербұлақ аудандық филиалы, ІІІ орынды Панфилов аудандық филиалы еншіледі.

​Үздік деп танылған филиалдар мен бастауыш кәсіподақ ұйымдары тәжірибесі өзгелерге үлгі болып, алдағы уақытта кәсіподақ қызметін одан әрі жетілдіруге негіз болмақ.

«Ең үздік филиал» және «Ең үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» байқаулары кәсіподақ қозғалысының бірлігін нығайтып, ортақ мақсат жолындағы жүйелі еңбектің нақты нәтижесін көрсетті. Бұл байқау – өткен жылдың қорытындысы ғана емес, алдағы жаңа жетістіктерге бастайтын маңызды қадам.

ҮЗДІК ҰЙЫМДАР АНЫҚТАЛДЫ
ҮЗДІК ҰЙЫМДАР АНЫҚТАЛДЫ
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности