+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҮЗДІК ПЕДАГОГТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Новости территориальных организаций 16 апреля 2026

ҮЗДІК ПЕДАГОГТАР МАРАПАТТАЛДЫ

ҮЗДІК ПЕДАГОГТАР МАРАПАТТАЛДЫ

ҮЗДІК ПЕДАГОГТАР МАРАПАТТАЛДЫ ☑️Хромтау аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен мектепке дейінгі ұйым педагогтарына арналған «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогы» республикалық байқауының аудандық кезеңі өтті. Бұл шара аудан педагогтарының кәсіби…

ҮЗДІК ПЕДАГОГТАР МАРАПАТТАЛДЫ

☑️Хромтау аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен мектепке дейінгі ұйым педагогтарына арналған «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогы» республикалық байқауының аудандық кезеңі өтті. Бұл шара аудан педагогтарының кәсіби шеберлігін шыңдауға және тәжірибе алмасуына үлкен мүмкіндік берді.


🌟 Байқаудың негізгі мақсаты – мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде заманауи тәсілдерді тиімді жүзеге асыру үшін озат педагогикалық тәжірибелерді анықтау, оларды кеңінен жариялау және тарату болып табылады. Сонымен қатар, бұл байқау педагогтардың кәсіби дамуына серпін беріп, шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталды.


📚 Аудандық кезеңге барлығы 9 балабақша тәрбиешісі қатысып, өздерінің педагогикалық шеберліктерін жан-жақты көрсетті. Қатысушылар түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, жаңашыл идеяларымен ерекшеленді.


🏆 Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені №8 «Тұлпар» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Әсемгүл Егізбаева иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Ал І орынды №6 «Ақкөгершін» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Эльмира Губайдуллина, ІІ орынды №9 «Жұлдыз-ай» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Мөлдір Әбдіғазиева, ІІІ орынды «Адина» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Гүлдана Нәдірғалиева жеңіп алды.


🎤 Марапаттау рәсімінде Хромтау аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Гүлжан Ақанова қатысушыларға алғысын білдірді. Ол педагогтардың еңбегі – өскелең ұрпақтың сапалы тәрбиесі мен білімінің негізі екенін атап өтті.


🎁 Сонымен қатар, жүлделі орын иегерлеріне ерекше құрмет көрсетіліп, оларға Бурабай өңіріне тарихи-танымдық саяхатқа жолдамалар табысталды. Бұл марапат педагогтардың еңбегіне берілген лайықты құрметтің белгісі болды.

--
Ақтөбе облыстық кәсіподағы

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности