+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҮЗДІК МЕКТЕП МҰҒАЛІМІ
Новости территориальных организаций 11 декабря 2025

ҮЗДІК МЕКТЕП МҰҒАЛІМІ

ҮЗДІК МЕКТЕП МҰҒАЛІМІ

ҮЗДІК МЕКТЕП МҰҒАЛІМІ Ұстаз – баланың жүрегіне нұр себетін, оның жан дүниесіне жол таба білетін асыл жан. Нағыз педагог шәкірттің ішкі әлемін түсініп, бойындағы дара қабілетті ашып, оны жарқын болашаққа жетелейді. Ұстаздық – мейірім мен жауапкершілікті, парасат пен шыдамдылықты…

ҮЗДІК МЕКТЕП МҰҒАЛІМІ

Ұстаз – баланың жүрегіне нұр себетін, оның жан дүниесіне жол таба білетін асыл жан. Нағыз педагог шәкірттің ішкі әлемін түсініп, бойындағы дара қабілетті ашып, оны жарқын болашаққа жетелейді. Ұстаздық – мейірім мен жауапкершілікті, парасат пен шыдамдылықты талап ететін киелі мамандық. Шәкірт жүрегінің есігін аша білу, білімге деген ынтасын ояту – бір ғана кәсіп емес, жүректің қалауы мен өмірлік миссияның үндескен биік үйлесімі.

Осындай қасиеттердің барлығын бойына тоғыстыра білген абыройлы ұстаздардың бірі – Маменов Тұрар Ирисқұлұлы. Салалық кәсіподақтың Түркістан облыстық ұйымы Кентау қалалық кәсіподақ комитетіне қарасты Махмуд Қашғари атындағы жаратылыстану бағытындағы мектеп-лицейінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары әрі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде шәкірт санасына ұлт рухын, адамгершілік құндылықтарын сіңіріп, олардың ой-өрісін кеңейтуге ерекше еңбек етуде.

Тұрар Ирисқұлұлының табандылығы мен талапшылдығы, кәсіби шеберлігі мен көшбасшылық қабілеті мектеп ұжымының білім сапасын арттыруға үлкен ықпал етті. Махмуд Қашғари атындағы мектеп-лицейі бүгінде өңірдегі беделі биік білім ордасына айналса, бұл – ұстаздардың ынтымағы мен жүйелі жұмысының нәтижесі.

Әсіресе Тұрар Ирисқұлұлының ұжымды рухтандырып, педагогтардың біліктілігін жетілдіруге бағытталған еңбегі ерекше. Оның қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі марапаттары – ұзақ жылдық адал қызметінің лайықты бағасы.

Өткен оқу жылы мектеп үшін аса жемісті болды. Түрлі деңгейдегі пәндік олимпиадаларда, ғылыми жобалар сайыстарында, шығармашылық және зияткерлік байқауларда топ жарған оқушылардың жарқын жетістіктері – Тұрар Ирисқұлұлы бастаған педагогтардың қажырлы еңбегінің жемісі.

Ол әрбір оқушының қабілетін дәл танып, бағыт-бағдар беріп, сенім сыйлап, олардың мүмкіндігін ашуға бар күш-жігерін жұмсайды. Шәкірттерінің биік белестерді бағындыруы – оның талапшылдығы мен жүйелі әдіс-тәсілдерінің, бала жүрегіне жол таба білетін ұстаздық шеберлігінің айқын дәлелі.

Бүгінде Махмуд Қашғари атындағы мектеп-лицейінің Қазақстан бойынша “Үздік 100 мектеп” қатарына енуі – Қарнақ халқы үшін үлкен қуаныш. Бұл мәртебелі нәтижеге ұстаздардың бірлігі, оқушылардың талабы және Тұрар Ирисқұлұлы сияқты білікті мамандардың тынымсыз еңбегі арқасында қол жеткізілді. Түркістан облысынан бұл тізімге енген санаулы бес мектептің бірі болуы – білім ордасының сапасын дәлелдейтін зор мақтаныш.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности