+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҮЗДІК БАСШЫ – ҰЖЫМНЫҢ ТІРЕГІ
Новости территориальных организаций 27 октября 2025

ҮЗДІК БАСШЫ – ҰЖЫМНЫҢ ТІРЕГІ

ҮЗДІК БАСШЫ – ҰЖЫМНЫҢ ТІРЕГІ

ҮЗДІК БАСШЫ – ҰЖЫМНЫҢ ТІРЕГІ Білім беру – қоғамның дамуы мен өркендеуінің негізі. Ал сол білім ордасының жүрегі – ұстаз, ұжымның тірегі – басшы. Осындай абыройлы да жауапты қызметті абыроймен атқарып жүрген жанның бірі – Темір ауданы №1 Шұбарқұдық мектеп-гимназиясының директоры…

ҮЗДІК БАСШЫ – ҰЖЫМНЫҢ ТІРЕГІ

📚Білім беру – қоғамның дамуы мен өркендеуінің негізі. Ал сол білім ордасының жүрегі – ұстаз, ұжымның тірегі – басшы. Осындай абыройлы да жауапты қызметті абыроймен атқарып жүрген жанның бірі – Темір ауданы №1 Шұбарқұдық мектеп-гимназиясының директоры, тарих пәнінің білікті маманы Қуанова Жұмазия Кәфизқызы.

📃Жұмазия Қуанова бала кезінен ұстаз болуды армандап, сол мақсатқа адалдықпен жеткен жан. Білімге деген құштарлық оны педагогикалық жолға жетеледі. Ол Атырау педагогикалық институтын, Қ.Жұбанов атындағы университетті және Семей қаласындағы Ә.Бөкейханов атындағы университетті тәмамдаған. Педагогика ғылымдарының магистрі, өз ісінің шебері.

📑31 жылдық үздіксіз еңбегі – қажыр мен табандылықтың, ізденіс пен шығармашылықтың көрінісі. Жұмазия Қуанова әр сабағын мәнді де мазмұнды етіп өткізіп, шәкірт жүрегіне білім нәрін себеді. Ол оқушы бойындағы қабілетті ашып, тұлғалық дамуына ерекше назар аударады. Сабақтарында жаңашыл әдістерді тиімді қолдана отырып, оқушылардың ойлау қабілеті мен қызығушылығын арттырады.

📄Көпжылдық табысты еңбегінің нәтижесінде ол ҚР Оқу-ағарту министрлігінің “Орта білім беру ісінің үздігі” төсбелгісімен және Ы.Алтынсарин атындағы құрмет белгісімен марапатталған. Сонымен қатар республикалық деңгейдегі “Педагогикалық идеялар фестивалі”, “Үздік авторлық бағдарлама” байқауларының жеңімпазы атанып, өзінің әдістемелік шеберлігін дәлелдеді. Сондай-ақ ол «Отты жылдар естелігі» кітабының авторы ретінде педагогикалық және тарихи таным саласына да үлес қосып келеді.

✨Бүгінде оның шәкірттері облыстық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобаларда жүлделі орындарға ие болып, түрлі салада табысты еңбек етуде. Әрбір шәкірті ұстаз еңбегін мақтан етеді.

✏️Жұмазия Кәфизқызы Қуанова – ұжымына қамқор басшы, әріптестеріне үлгі, оқушыларына ақылшы, ата-аналар сенім артқан тұлға. Сондай-ақ, ол өз өмірін білім мен тәрбие ісіне арнап, саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында қажымай еңбек етіп келе жатқан ұлағатты ұстаз.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности