+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҮЗДІК ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Новости территориальных организаций 10 декабря 2025

ҮЗДІК ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТАР МАРАПАТТАЛДЫ

ҮЗДІК ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТАР МАРАПАТТАЛДЫ

ҮЗДІК ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТАР МАРАПАТТАЛДЫ Ақтөбенің Әйтеке би ауданында білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогтарының кәсіби шеберлігін арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында “Үздік әлеуметтік педагог – 2025” байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Байқау…

ҮЗДІК ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТАР МАРАПАТТАЛДЫ

📄Ақтөбенің Әйтеке би ауданында білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогтарының кәсіби шеберлігін арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында “Үздік әлеуметтік педагог – 2025” байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Байқау әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың маңызын айқындап, мамандардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталды.

📎Іс-шара барысында қатысушылар әлеуметтік-педагогикалық ахуалды талдау, оқушылармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістерін көрсету, инновациялық жобаларын таныстыру, сондай-ақ әртүрлі жағдаяттарды шебер шешу сияқты тапсырмалар арқылы өз біліктілігін дәлелдеді. Қазылар алқасы педагогтардың шығармашылығын, кәсіби шеберлігін және жұмыс тәсілдерінің тиімділігін саралап, үздіктерді анықтады.

✅Байқау қорытындысында I дәрежелі диплом Еңбекту жалпы орта білім беретін мектебінің әлеуметтік педагогы Жазира Тұғыроваға, II дәрежелі диплом Жабасақ жалпы орта білім беретін мектебінің әлеуметтік педагогы Сәулет Оразбайқызына, ал III дәрежелі диплом Комсомол жалпы орта білім беретін мектебінің әлеуметтік педагогы Қарлығаш Үксікбаеваға табысталды. Сонымен қатар, байқау жеңімпазы Тұғырова Жазира Абдоллақызы облыстық кезеңге жолдама алып, аудан намысын қорғайтын болды.

✔️Іс-шара соңында барлық қатысушыларға аудандық кәсіподақ ұйымы атынан бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар тапсырылды. Бұл әлеуметтік педагогтардың еңбегіне көрсетілген құрмет пен олардың білім беру жүйесіне қосқан үлесіне берілген лайықты бағасы болды.

💠“Үздік әлеуметтік педагог – 2025” байқауы мамандардың кәсіби дамуына тың серпін беріп, тәжірибе алмасудың тиімді алаңына айналды.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности