+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҮЗДІК ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГ АНЫҚТАЛДЫ
Новости территориальных организаций 21 декабря 2025

ҮЗДІК ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГ АНЫҚТАЛДЫ

ҮЗДІК ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГ АНЫҚТАЛДЫ

ҮЗДІК ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГ АНЫҚТАЛДЫ Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының базасында әлеуметтік педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыруға және үздік тәжірибелерді насихаттауға бағытталған «Үздік…

ҮЗДІК ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГ АНЫҚТАЛДЫ

✔️Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының базасында әлеуметтік педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыруға және үздік тәжірибелерді насихаттауға бағытталған «Үздік әлеуметтік педагог – 2025» атты облыстық байқау өтті. Бұл байқау әлеуметтік педагог мамандығының қоғамдағы маңызын айқындап, бала құқығын қорғау, әлеуметтік қолдау көрсету және білім беру ұйымдарындағы психоәлеуметтік жұмыстың сапасын арттыруды мақсат етті.

📎Іс-шарада Ақтөбе облысының әр ауданынан келген әлеуметтік педагогтар кәсіби білімдері мен тәжірибелерін ортаға салды. Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Алдымен қатысушылар өздерін таныстырып, еңбек жолы, жетістіктері және кәсіби ұстанымдары туралы баяндады. Келесі кезеңде нақты өмірлік жағдайларға негізделген кейс тапсырмаларды орындап, мәселені шешу жолдарын ұсынды. Сонымен қатар, әрбір үміткер әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы жеке жобасын қорғап, жаңашыл идеялары мен тиімді жұмыс тәжірибелерін көрсетті.

✨Байқау қорытындысы бойынша Алға ауданының әлеуметтік педагогы Ақсүйрік Кангужина жүлделі бірінші орынды иеленді. Екінші орын Байғанин ауданының өкілі Айгерім Қабиева бұйырды. Үшінші орын Хромтау ауданынан Бақзат Қамбарова мен Мәртөк ауданынан Ұлжан Төлепқалиеваға табысталды.

🔆Жеңімпаздар Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымы тарапынан тарихи-танымдық саяхатқа сертификаттармен марапатталды. Бұл марапаттар олардың еңбегіне көрсетілген зор құрмет пен қолдаудың айқын көрінісі болды.

✏️Сонымен қатар, байқауға қатысқан тағы тоғыз үміткер кәсіби белсенділігі, шығармашылығы және әлеуметтік салаға қосқан үлесі үшін түрлі номинациялар бойынша арнайы марапаттарға ие болды.

📃Аталған облыстық байқау әлеуметтік педагогтардың өзара тәжірибе алмасуына, кәсіби ынтымақтастығын нығайтуға және мамандықтың беделін арттыруға үлкен мүмкіндік берді.

ҮЗДІК ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГ АНЫҚТАЛДЫ
ҮЗДІК ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГ АНЫҚТАЛДЫ
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности