+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҰЗАҚ ЖЫЛҒЫ ЕҢБЕКТІҢ ЛАЙЫҚТЫ ҚҰРМЕТІ
Новости территориальных организаций 28 апреля 2025

ҰЗАҚ ЖЫЛҒЫ ЕҢБЕКТІҢ ЛАЙЫҚТЫ ҚҰРМЕТІ

ҰЗАҚ ЖЫЛҒЫ ЕҢБЕКТІҢ ЛАЙЫҚТЫ ҚҰРМЕТІ

ҰЗАҚ ЖЫЛҒЫ ЕҢБЕКТІҢ ЛАЙЫҚТЫ ҚҰРМЕТІ Ақтөбе облысы, Ойыл аудандық оқушылар үйінде ұзақ жылдар бойы табанды еңбек етіп, ұжымның абыройына айналған кіші қызметкерлер Сәкен Раушанов пен Нұрлан Есқалиевтің зейнеткерлікке шығуына орай құрмет көрсету кеші өтті. Шарада Ойыл аудандық…

ҰЗАҚ ЖЫЛҒЫ ЕҢБЕКТІҢ ЛАЙЫҚТЫ ҚҰРМЕТІ

🖊️Ақтөбе облысы, Ойыл аудандық оқушылар үйінде ұзақ жылдар бойы табанды еңбек етіп, ұжымның абыройына айналған кіші қызметкерлер Сәкен Раушанов пен Нұрлан Есқалиевтің зейнеткерлікке шығуына орай құрмет көрсету кеші өтті.

🖇️Шарада Ойыл аудандық білім бөлімінің басшысы Есенгелді Бегалин мен аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Гүлмира Избагамбетова құттықтау сөз сөйлеп, қос зейнеткерге шипажайға жолдама сыйлады. Бұл – еңбектің еленгенінің, адамдық қадірдің бағаланғанының көрінісі болды.

🖊️Кеш барысында әріптестері Сәкен Раушанов пен Нұрлан Есқалиевтің еңбектегі үлгілері мен қарапайым, адал мінездерін еске алып, естеліктерімен бөлісті. Жылы лебіздер мен жүрекжарды тілектер ағылды. Әсем әндер шырқалып, Ойыл балалар өнер мектебінің өнерпаздары өздерінің әсерлі ән-билерімен шараның сәнін аша түсті. Сонымен қатар, ардагерлермен ашық сұхбат жүргізіліп, олардың еңбек жолындағы қызықты сәттер мен ұжымдағы жарқын естеліктері тыңдалды.

📒Шара соңында Оқушылар үйінің директорының міндетін атқарушы Әбділла Сағынов сөз алып, ұжым атынан ардагерлерге зор алғысын білдірді. Ол өз сөзінде “Сіздердің еңбектеріңіз – бізге үлгі, кейінгі ұрпаққа аманат” деп, олардың орны бөлек екенін ерекше атап өтті.

🖇️Құрмет кеші әріптестік рух пен сыйластықтың биік үлгісі ретінде есте қалды.

ҰЗАҚ ЖЫЛҒЫ ЕҢБЕКТІҢ ЛАЙЫҚТЫ ҚҰРМЕТІ
ҰЗАҚ ЖЫЛҒЫ ЕҢБЕКТІҢ ЛАЙЫҚТЫ ҚҰРМЕТІ
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности