+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҰЙЫМШЫЛДЫҚҚА ЖАҢА СЕРПІН: ҚОСТАНАЙДА КӘСІПОДАҚ БЕЛ…
Новости 22 апреля 2026

ҰЙЫМШЫЛДЫҚҚА ЖАҢА СЕРПІН: ҚОСТАНАЙДА КӘСІПОДАҚ БЕЛСЕНДІЛЕРІ ОНЛАЙН ФОРМАТТА БАС ҚОСТЫ

ҰЙЫМШЫЛДЫҚҚА ЖАҢА СЕРПІН: ҚОСТАНАЙДА КӘСІПОДАҚ БЕЛСЕНДІЛЕРІ ОНЛАЙН ФОРМАТТА БАС ҚОСТЫ

ҰЙЫМШЫЛДЫҚҚА ЖАҢА СЕРПІН: ҚОСТАНАЙДА КӘСІПОДАҚ БЕЛСЕНДІЛЕРІ ОНЛАЙН ФОРМАТТА БАС ҚОСТЫ Қостанай облысында кәсіподақ қозғалысын жаңғырту және бастауыш ұйымдармен тікелей байланыс орнату мақсатында «Қалың қалай, бастауыш?» онлайн-жобасының кезекті отырысы өтті. Жиынға өңірдегі…

ҰЙЫМШЫЛДЫҚҚА ЖАҢА СЕРПІН: ҚОСТАНАЙДА КӘСІПОДАҚ БЕЛСЕНДІЛЕРІ ОНЛАЙН ФОРМАТТА БАС ҚОСТЫ

📌Қостанай облысында кәсіподақ қозғалысын жаңғырту және бастауыш ұйымдармен тікелей байланыс орнату мақсатында «Қалың қалай, бастауыш?» онлайн-жобасының кезекті отырысы өтті. Жиынға өңірдегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысып, еңбек ұжымдарындағы ахуалды, өзекті мәселелерді және саланың болашақ даму бағыттарын кеңінен талқылады.

💬Онлайн-кездесуде Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева сөз алып, аталған бастаманың маңыздылығына ерекше тоқталды. Ол бұл жобаның кәсіподақ мүшелеріне өзекті мәселелерін бүкпесіз жеткізуге және заң аясында нақты, шұғыл шешімдер табуға мүмкіндік беретін бірегей диалог алаңына айналғанын атап өтті. «Біз әрбір бастауыш ұйымның тыныс-тіршілігінен хабардар болуымыз керек», – деді төраға.

⚖️Салалық кәсіподақ төрағасының орынбасары Виктор Беженаров Кәсіподақтың XV Съезінде айқындалған стратегиялық міндеттерді іске асыру тетіктеріне назар аударды. Оның айтуынша, ұйым жұмысының басты басымдықтары — қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын кешенді қорғау, еңбек дауларының алдын алу және мүшелердің құқықтық сауаттылығын жүйелі түрде арттыру. Кездесу барысында ол қатысушылардың еңбек заңнамасына қатысты қойған күрделі сұрақтарына жан-жақты жауап беріп, құқықтық кеңестер берді.

Қостанай облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Валентина Кушетерова өңірдегі атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелерін баяндады. Осыдан үш жыл бұрын небәрі 12 бастауыш ұйыммен жұмысын бастаған облыстық құрылым бүгінде нағыз серпіліс жасап отыр. Қазіргі таңда ұйым қатары 11 мыңнан астам мүшені біріктіретін 194 бастауыш ұйымға жеткен. Бұл көрсеткіш өңірдегі кәсіподақ қозғалысына деген сенімнің нығайғанын және ұйымдық жұмыстың жоғары қарқынмен дамып жатқанын айқын көрсетеді.

📈Жиын соңында қатысушылар жобаның тиімділігіне жоғары баға беріп, мұндай форматтағы кездесулердің ынтымақтастықты нығайтудағы рөлі зор екенін атап өтті. Бастауыш ұйым төрағалары өз тәжірибелерімен бөлісіп, күнделікті жұмыс барысындағы ерекшеліктерді ортаға салды. Сондай-ақ, қатысушылар еңбек заңнамасына қатысты көкейкесті сұрақтарына толыққанды жауап алды.

«Қалың қалай, бастауыш?» жобасы алдағы уақытта еліміздің басқа да өңірлерін қамтып, кәсіподақ белсенділері арасындағы байланысты нығайтатын маңызды платформа ретінде өз жұмысын жалғастыра бермек.

Все новости

Читайте также

  • БЕЙНЕУДЕГІ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР
    Новости

    БЕЙНЕУДЕГІ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР

    28.05.2026
  • ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМДАРЫМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ
    Новости

    ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМДАРЫМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ

    27.05.2026
  • КӘСІПОДАҚ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАРЛАР
    Новости

    КӘСІПОДАҚ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАРЛАР

    25.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности