+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҰСТАЗЫ ЖАҚСЫНЫҢ ҰСТАМЫ ЖАҚСЫ
Новости территориальных организаций 28 января 2026

ҰСТАЗЫ ЖАҚСЫНЫҢ ҰСТАМЫ ЖАҚСЫ

ҰСТАЗЫ ЖАҚСЫНЫҢ ҰСТАМЫ ЖАҚСЫ

ҰСТАЗЫ ЖАҚСЫНЫҢ ҰСТАМЫ ЖАҚСЫ Тарих пәнінің мұғалімі Нұрлан Төлеуханұлы Қарағанды қаласындағы Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектепте 26 жылдан бері шәкірт тәрбиелеп жүрген, саналы ғұмырын білімге арнаған, мол тәжірибесімен де, адамгершілік келбетімен де көпке үлгі…

ҰСТАЗЫ ЖАҚСЫНЫҢ ҰСТАМЫ ЖАҚСЫ

Тарих пәнінің мұғалімі Нұрлан Төлеуханұлы Қарағанды қаласындағы Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектепте 26 жылдан бері шәкірт тәрбиелеп жүрген, саналы ғұмырын білімге арнаған, мол тәжірибесімен де, адамгершілік келбетімен де көпке үлгі болып келе жатқан ардақты ұстаз. Нұрлан Төлеуханұлы шәкірт жүрегінен орын алып, әріптестер арасында абыройлы құрметке бөленіп жүрген ұстаз.

Еңбек жолында талай шәкіртті білім биігіне жетелеп, олардың өмірден өз орнын табуына бағыт-бағдар берді. Жаңашыл көзқарасы, кәсіби шеберлігі мен тынымсыз еңбегінің нәтижесінде көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, білім саласының дамуына үлес қосты.

26 жылдан астам педагогикалық өтілі бар, кәсіби шеберлігі мен рухани болмысы үйлескен ардақты ұстаз – білім саласындағы нағыз көшбасшы тұлға.

Соңғы жылдары халықаралық және республикалық деңгейде өткен кәсіби байқауларда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, «Үздік авторлық бағдарлама» халықаралық конкурсының І орын иегері, республикалық пәндік олимпиадалардың жүлдегері атанды.

Қазақстан тарихы мен ұлттық құндылықтарды насихаттаудағы еңбегі үшін республикалық, облыстық және қалалық деңгейдегі көптеген марапаттарға ие. Атап айтқанда, халықаралық және республикалық олимпиадалар мен байқауларда жүлделі орындар (І, ІІ, ІІІ орын), министрліктердің Құрмет грамоталары мен дипломдары, облыстық және қалалық алғыс хаттармен марапатталған.

Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасының (2019), Оқу-ағарту министрлігінің «Орта білім беру ісінің үздігі» Құрмет дипломының (2022) иегері.

Халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда мақалалары жарияланған, «Алаштану», «Өлкетану» элективті курстары мен авторлық бағдарламалардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы.

Оқушыларды олимпиадаларға, ғылыми конференцияларға, пікір-сайыс турнирлеріне дайындап, жоғары нәтижелерге қол жеткізген.

Қалалық және облыстық форумдарда озық педагогикалық тәжірибесімен бөлісіп, педагогикалық қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған.

Өз ісіне деген адалдығы, жауапкершілігі мен парасаты жас мамандар үшін нағыз өнеге. Осындай білікті де беделді ұстаздар ел ертеңінің берік негізі.

Ұстаз еңбегінің айқын көрсеткіші шәкірт жетістігі. Оның шәкірттері халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобаларда жүлделі орындарға ие болып келеді. Пікірсайыс, зерттеу, зияткерлік бағыттарда тәрбиеленген оқушылар жүйелі еңбектің жемісі.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности