+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҰСТАЗҒА ТАҒЗЫМ
Новости территориальных организаций 07 октября 2025

ҰСТАЗҒА ТАҒЗЫМ

ҰСТАЗҒА ТАҒЗЫМ

ҰСТАЗҒА ТАҒЗЫМ 7 қазанда Түркістан облысы Кентау қаласы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында Ұстаздар күніне арналған «Ұстазға тағзым – болашаққа салынған жол» атты салтанатты іс-шара жоғары деңгейде өтті. Ұлт болашағын қалыптастыру жолында аянбай еңбек етіп жүрген…

ҰСТАЗҒА ТАҒЗЫМ

7 қазанда Түркістан облысы Кентау қаласы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында Ұстаздар күніне арналған «Ұстазға тағзым – болашаққа салынған жол» атты салтанатты іс-шара жоғары деңгейде өтті. Ұлт болашағын қалыптастыру жолында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздардың еңбегін ұлықтауға арналған мерекелік кешке қала әкімі Жандос Тасов, қалалық мәслихат хатшысы, Түркістан облыстық білім басқармасының өкілі, Кентау қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы, ардагер ұстаздар мен білім саласының үздік өкілдері қатысты. Бұл – ұстаздар қауымының қоғамдағы биік мәртебесін көрсететін, ұрпақ тәрбиесіне сіңірілген өлшеусіз еңбектің лайықты бағаланатын ерекше күні болды.

Іс-шара барысында білім беру саласында ерекше жетістікке жеткен ұстаздарға мемлекеттік және салалық марапаттар табысталды. Қала әкімі Ж.Тасов пен Кентау қалалық білім бөлімінің басшысы Әділ Ауелбековтің қолынан «Ы. Алтынсарин», «Үздік ұстаз» төсбелгілері, облыс және қала әкімдерінің алғыс хаттары, Түркістан облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасы», сондай-ақ «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» және «Кентауға 70 жыл» мерекелік белгілері берілді. Бұл марапаттар – ұстаздарымыздың кәсіби шеберлігі мен адал қызметінің шынайы бағасы.

Сонымен қатар, Кентау қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтап, Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының арнайы марапаттарын табыстады. Атап айтқанда, «Кәсіподақ ардагері» төсбелгісімен Сарсенкүл Құрманалиева, «Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен Мұсахан Аманжолов пен Мансур Матмусаев марапатталды. Сонымен қатар, бірқатар педагогтер Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарына ие болды.

Марапатталғандардың қатарында мектеп директорлары, директордың орынбасарлары, пән мұғалімдері, балабақша тәрбиешілері бар. Бұл – білім беру саласындағы әрбір маманның еңбегі бағаланатынын, олардың кәсібилігі мен жанашырлығы ел дамуына қосылып жатқан зор үлес екенін көрсетеді. Мұндай марапаттар ұстаздарға шабыт пен жаңа серпін сыйлап, болашақ ұрпақты тәрбиелеу жолындағы еңбектеріне қуат береді.

Кеш соңында қала өнерпаздарының мерекелік концерті ұйымдастырылып, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. «Ұстазға тағзым – болашаққа салынған жол» атты тағылымды шара Кентау қаласы ұстаздарының мерейін өсіріп, білім саласына деген құрмет пен сенімді арттырды. Кентау қалалық кәсіподақ комитеті барша марапат иелерін шын жүректен құттықтап, еңбектеріне табыс, шығармашылық шабыт және зор жетістіктер тілейді!

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности