+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҰСТАЗДЫҚТЫ ЖҮРЕК ҚАЛАУЫНА АЙНАЛДЫРҒАН ЖАН
Новости территориальных организаций 21 мая 2026

ҰСТАЗДЫҚТЫ ЖҮРЕК ҚАЛАУЫНА АЙНАЛДЫРҒАН ЖАН

ҰСТАЗДЫҚТЫ ЖҮРЕК ҚАЛАУЫНА АЙНАЛДЫРҒАН ЖАН

ҰСТАЗДЫҚТЫ ЖҮРЕК ҚАЛАУЫНА АЙНАЛДЫРҒАН ЖАН Жамбыл облысы Байзақ ауданының Кеңес ауылында 1965 жылдың 1 қыркүйегінде дүниеге келген Аликулова Несіпкүл Қуандыққызы саналы ғұмырын ұстаздық жолға арнаған ардақты жан. Несіпкүл Қуандыққызы 1980-1984 жылдары Абай атындағы педагогикалық…

ҰСТАЗДЫҚТЫ ЖҮРЕК ҚАЛАУЫНА АЙНАЛДЫРҒАН ЖАН

Жамбыл облысы Байзақ ауданының Кеңес ауылында 1965 жылдың 1 қыркүйегінде дүниеге келген Аликулова Несіпкүл Қуандыққызы саналы ғұмырын ұстаздық жолға арнаған ардақты жан.

Несіпкүл Қуандыққызы 1980-1984 жылдары Абай атындағы педагогикалық училищеде білім алып, еңбек жолын 1985 жылы бастады. Содан бері бүгінгі күнге дейін Қалқабай Сартбаев атындағы орта мектепте абыройлы қызмет атқарып келеді. Ұстаздық саладағы 41 жылдық еңбек жолында ол өзін тәжірибелі, білікті әрі шығармашыл педагог ретінде таныта білді.

Ұстаз әр сабағында жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді тиімді қолданып, оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыруға ерекше көңіл бөледі. Ол үшін басты міндет тек білім беру ғана емес, шәкірт бойына адамгершілік пен ізгілікті қалыптастыру.

Әріптестері оны еңбекқор, жауапкершілігі мол, шәкіртіне жанашыр ұстаз ретінде құрметтейді. Оқушыларымен тез тіл табысып, әр баланың қабілетін ашуға, олардың өзіне деген сенімін нығайтуға бағыт-бағдар беріп келеді.

Несіпкүл Қуандыққызы оқушыларды имандылыққа, әдептілікке, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуға тәрбиелеуді ұстаздық жолындағы басты ұстанымдарының бірі санайды.

Сонымен қатар ата-ананы құрметтеу, адамгершілік қасиеттерді бойға сіңіру, өмірде дұрыс жол таңдай білу секілді құндылықтарды шәкірттеріне үнемі насихаттап келеді. Ұстаздық жолында талмай еңбек етіп келе жатқан осындай жандар жас ұрпақтың жарқын болашағына жол ашып жүрген нағыз еңбек адамдары.

 

Жамбыл облыстық ұйымы.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности