+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫҚТАҒАН ТҰЛҒА
Новости территориальных организаций 12 июня 2026

ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫҚТАҒАН ТҰЛҒА

ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫҚТАҒАН ТҰЛҒА

ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫҚТАҒАН ТҰЛҒА Саналы ғұмырын білім мен тәрбие саласына арнап, шәкірт жүрегіне білім нәрін сеуіп келе жатқан жандардың еңбегі әрдайым құрметке лайық. Сондай еңбек адамдарының бірі – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аюпова Қарлығаш Тәжібайқызы. Еңбек жолын…

ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫҚТАҒАН ТҰЛҒА

Саналы ғұмырын білім мен тәрбие саласына арнап, шәкірт жүрегіне білім нәрін сеуіп келе жатқан жандардың еңбегі әрдайым құрметке лайық. Сондай еңбек адамдарының бірі – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аюпова Қарлығаш Тәжібайқызы.

Еңбек жолын Өзгент ауылындағы №245 мектепте мұғалім болып бастаған жас маман алғашқы күннен-ақ өз ісіне адалдық пен жауапкершілікті серік етті. Кейін №224 мектепте мұғалім және директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарып, ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түсті. 2005 жылдан бері Жаңақорған кентіндегі ғасырдан астам тарихы бар №51 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі әрі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Отыз жылдан астам уақыт ішінде Қарлығаш Тәжібайқызы мыңдаған шәкірттің бойына ана тіліне деген құрмет пен ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілікті қалыптастырды. Оның басты ұстанымы – сапалы білім мен саналы тәрбие беру. Заманауи оқыту әдістерін тиімді қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөледі.

Ұстаз еңбегінің нәтижесі шәкірттерінің жетістіктерінен айқын көрінеді. Оның жетекшілігіндегі оқушылар аудандық, облыстық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларында жүлделі орындарға ие болып келеді.

Республикалық «Махамбет оқуы – 2026» байқауында шәкіртінің марапатталуы, аудандық «Үздік тәрбие орынбасары – 2026» байқауында І орын алуы – ұстаз еңбегінің жемісі.

Қарлығаш Тәжібайқызы тек білікті педагог қана емес, отбасында ардақты ана, аяулы әже. Екі ұл мен екі қыз тәрбиелеп өсіріп, бүгінде немерелерінің қызығына бөленіп отырған бақытты жан. Оның өмір жолы – еңбексүйгіштік пен жауапкершіліктің, адамгершілік пен парасаттылықтың үлгісі.

Көпжылдық тәжірибесі арқылы әріптестерінің құрметіне бөленген ұстаз жас мамандарға тәлімгерлік жасап, өзінің кәсіби білімімен бөлісіп келеді. Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған Қарлығаш Тәжібайқызының еңбегі – ел болашағына қосылған зор үлес.

Еңбек адамын оның атқарған ісі мен тәрбиелеген шәкірті танытады. Осы тұрғыдан алғанда, Қарлығаш Тәжібайқызының ұстаздық жолы – жас ұрпаққа өнеге, әріптестеріне үлгі боларлық тағылымды еңбек жолы.

 

Қызылорда облыстық ұйымы

Все новости

Читайте также

  • ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

    06.08.2026
  • АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ
    Новости территориальных организаций

    АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ

    06.08.2026
  • ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ
    Новости территориальных организаций

    ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ

    05.08.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности