+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫҚ ЕТКЕН ТҰЛҒА
Новости территориальных организаций 01 июня 2026

ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫҚ ЕТКЕН ТҰЛҒА

ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫҚ ЕТКЕН ТҰЛҒА

ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫҚ ЕТКЕН ТҰЛҒА Ұстаз – ұлттың шамшырағы, болашақтың бағбаны. Осындай қасиетті мамандықтың абыройын асқақтатып, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ардақты жандардың бірі – Зағипа Қапашқызы Балмуханова. Зағипа Қапашқызы 1965 жылдың 12 маусымында Жамбыл облысы…

ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫҚ ЕТКЕН ТҰЛҒА

Ұстаз – ұлттың шамшырағы, болашақтың бағбаны. Осындай қасиетті мамандықтың абыройын асқақтатып, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ардақты жандардың бірі – Зағипа Қапашқызы Балмуханова.

Зағипа Қапашқызы 1965 жылдың 12 маусымында Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Қаракемер ауылында дүниеге келген. Бүгінде Жамбыл ауданының Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясында физика пәнінің мұғалімі болып еңбек етіп келеді. Оның жалпы педагогикалық еңбек өтілі – 39 жыл болса, соның 35 жылын осы білім ордасында шәкірт тәрбиелеуге арнаған.

Жоғары білімді, жоғары санатты ұстаз өз ісіне деген адалдығы мен кәсіби шеберлігінің арқасында әріптестері мен шәкірттерінің зор құрметіне ие. Ұстаздық жолында білім сапасын арттыруға, оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Зағипа Қапашқызының еңбек жолы жарқын жетістіктерге толы. 1998 жылы аудандық «Жыл мұғалімі» байқауының Бас жүлдесін иеленіп, облыстық кезеңде ІІІ орынға қол жеткізді. Сол жылы «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Ұстаздың кәсіби қызметі бұдан бөлек облыстық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамоталарымен, білім басқармасының Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарымен бірнеше рет бағаланған. Ал тәрбиелеген оқушылары республикалық және облыстық пән олимпиадаларында топ жарып, жүлделі орындарға ие болып келеді. Әсіресе физика пәнінен республикалық деңгейде жеткен жетістіктері ұстаздың кәсіби біліктілігі мен табанды еңбегінің нәтижесі екені сөзсіз.

Әріптестері арасында беделді, шәкірттері үшін аяулы ұстаз атанған Зағипа Қапашқызы мейірімділігімен, сабырлылығымен, адамгершілік қасиеттерімен ерекшеленеді.

Ол әр баланың жүрегіне жол тауып, біліммен қатар ізгілік пен парасат құндылықтарын дарытып келеді. Көп жылғы қажырлы еңбегімен ел құрметіне бөленген Зағипа Балмуханова ұстаздықтың биік мәртебесін өз өмірімен дәлелдеп жүрген нағыз еңбек адамы. Осындай тұлғалардың арқасында білімнің шамы жарқырап, ұрпақтың болашағы нұрлана түседі.

 

Жамбыл облыстық ұйымы

Все новости

Читайте также

  • ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

    06.08.2026
  • АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ
    Новости территориальных организаций

    АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ

    06.08.2026
  • ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ
    Новости территориальных организаций

    ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ

    05.08.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности