+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН МҰҒАЛІМ
Новости территориальных организаций 15 февраля 2026

ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН МҰҒАЛІМ

ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН МҰҒАЛІМ

ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН МҰҒАЛІМ Ел болашағын тәрбиелеу сынды үлкен жауапкершілікті талап ететін ұстаздық жолында талмай еңбек етіп келе жатқан білікті ұстаздардың бірі, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы – Талқанбаев Мұхтар Дәулетұлы. Мұхтар Дәулетұлы 1973 жылы Жамбыл облысы…

ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН МҰҒАЛІМ

Ел болашағын тәрбиелеу сынды үлкен жауапкершілікті талап ететін ұстаздық жолында талмай еңбек етіп келе жатқан білікті ұстаздардың бірі, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы – Талқанбаев Мұхтар Дәулетұлы.

Мұхтар Дәулетұлы 1973 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданында туған. Жоғары білімді Жамбыл университетінде алған соң, 2000 жылы математика пәнінің мұғалімі ретінде еңбек жолын Талас ауданындағы А.Дәулетбеков атындағы орта мектепте бастаған. 2015 жылдан бастап дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатында математика пәнінің мұғалімі болып еңбек етіп келеді.

Өзінің 25 жылдық еңбек жолында Мұхтар Дәулетұлы кәсіби біліктілігі жоғары, жаңашыл әрі ізденімпаз педагог ретінде танылды. Ол оқу-тәрбие үдерісіне заманауи әдіс-тәсілдерді енгізіп, оқушылардың білім сапасын арттыру бағытында нәтижелі еңбек етіп келеді. Ұстаздың шәкірттері республикалық және Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларында жүлделі орындарға ие болып, еліміздің білім беру саласының дамуына өз үлестерін қосуда.

Педагогикалық қызметпен қатар Мұхтар Дәулетұлы ғылыми-әдістемелік бағытта да белсенді еңбек етеді. Оның «Математикалық сауаттылық» авторлық бағдарламасы, есептер мен тесттер жинақтары, оқушының жұмыс дәптерлері республика, облыс көлемінде кеңінен қолданылуда. Сонымен бірге ол бірнеше оқу-әдістемелік құралдардың авторы болып табылады.

Ұстаздың кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісі түрлі байқауларда да жоғары бағаланды. Ол республикалық «Үздік педагог – 2019» байқауының жеңімпазы атанып, 2024 жылы «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен, 2025 жылы Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағымен марапатталды. Сонымен қатар білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі мен қоғамдық қызметі үшін салалық кәсіподақпен қатар көптеген ұйымдардың Алғыс хаттары мен марапаттарға ие болды.

Мұхтар Дәулетұлы тәжірибесімен бөлісуге әрдайым дайын, облыстық және республикалық семинарлар мен конференцияларға белсенді қатысып, жас педагогтарға бағыт-бағдар беріп келеді. Еңбек жолында жинаған тәжірибесі мен кәсіби жетістіктері оны шәкірттер мен әріптестер үшін үлгі тұтар тұлғаға айналдырды.

 

Жамбыл облыстық ұйымы

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности