+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҰСТАЗДЫҚҚА АРНАЛҒАН ҒҰМЫР
Новости территориальных организаций 02 июня 2026

ҰСТАЗДЫҚҚА АРНАЛҒАН ҒҰМЫР

ҰСТАЗДЫҚҚА АРНАЛҒАН ҒҰМЫР

ҰСТАЗДЫҚҚА АРНАЛҒАН ҒҰМЫР Ұстаздық жол — ұрпақ тәрбиесіне арналған қасиетті де қастерлі жол. Осы жолда саналы ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнап, білім мен тәрбиені қатар ұштастыра білген ардақты ұстаздардың бірі — Мархабат Шарапатқызы Мұзапбарова. Мархабат Шарапатқызы 1950 жылы 21…

ҰСТАЗДЫҚҚА АРНАЛҒАН ҒҰМЫР

Ұстаздық жол — ұрпақ тәрбиесіне арналған қасиетті де қастерлі жол. Осы жолда саналы ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнап, білім мен тәрбиені қатар ұштастыра білген ардақты ұстаздардың бірі — Мархабат Шарапатқызы Мұзапбарова.

Мархабат Шарапатқызы 1950 жылы 21 желтоқсанда Ашхабад қаласында дүниеге келген. 1958–1968 жылдары аудан орталығындағы №123 орта мектепте білім алып, жастайынан білімге құштарлығымен және жауапкершілігімен көзге түсті. Еңбек жолын 1968 жылы халық депутаттары Жалағаш аудандық кеңесінің ұйымдастыру бөлімінде нұсқаушы қызметінен бастады.

Білімге деген ұмтылыс оны 1969 жылы Қызылорда қаласындағы Н.Гоголь атындағы педагогикалық институттың филология факультетіне жетеледі. 1973 жылы аталған оқу орнын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдап, туған мектебі — №123 орта мектепке қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасты.

Ұстаздық қызметінде Мархабат Шарапатқызы өз ісіне адал, жаңашыл әрі ізденімпаз педагог ретінде танылды. 1982–1996 жылдары №123 орта мектепте оқу ісі жөніндегі меңгеруші қызметін абыроймен атқарды. Ал 1996–2011 жылдары Ш. Ермағанбетова атындағы №246 орта мектепте оқу ісі жөніндегі меңгеруші болып, білім сапасын арттыруға және жас мамандарды тәрбиелеуге зор үлес қосты.

Тәжірибесі мол, танымы терең ұстаз қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ұзақ жылдар бойы шәкірттерге сапалы білім берді. Ұстаз еңбегінің басты нәтижесі — шәкірт жетістігі. Осы қағиданы өмірлік ұстанымына айналдырған педагог көптеген шәкірттің білім мен тәрбие жолында табысқа жетуіне ықпал етті.

Мархабат Шарапатқызының білім саласындағы қажырлы еңбегі мемлекет тарапынан жоғары бағаланды. Ол аудандық және облыстық білім бөлімдерінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. 1981 жылы «Лучшему учителю-комсомольцу» медалін иеленсе, 1987 жылы «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ аудан әкімінің Алғыс хаттарына, Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасына ие болды. 2025 жылы Қызылорда облыстық білім басқармасы мен облыстық кәсіподақ комитетінің арнайы құттықтауына ие болуы — ұстаз еңбегіне көрсетілген зор құрметтің айғағы.

Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де қоғамнан қол үзбей, 2013–2019 жылдары аудан орталығындағы «Жас Ұлан» және «Балнұр» балабақшаларында меңгеруші қызметін атқарып, мектепке дейінгі тәрбие саласының дамуына өз үлесін қосты.

Отбасында аяулы ана, ардақты әже атанған Мархабат Шарапатқызы бүгінде балалары мен келінінің, үш немересі мен екі шөбересінің қызығына бөленіп отырған бақытты жан.

Ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнап, сан мыңдаған шәкірттің жүрегіне білім шуағын сыйлаған Мархабат Шарапатқызы сынды ұстаздардың еңбегі әрдайым құрметке лайық. Оның өнегелі өмір жолы мен педагогикалық қызметі — кейінгі буынға үлгі боларлық тағылымды тағдыр.

Все новости

Читайте также

  • ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

    06.08.2026
  • АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ
    Новости территориальных организаций

    АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ

    06.08.2026
  • ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ
    Новости территориальных организаций

    ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ

    05.08.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности