+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҰСТАЗДЫҚҚА АДАЛ ҒҰМЫР
Новости территориальных организаций 17 мая 2026

ҰСТАЗДЫҚҚА АДАЛ ҒҰМЫР

ҰСТАЗДЫҚҚА АДАЛ ҒҰМЫР

ҰСТАЗДЫҚҚА АДАЛ ҒҰМЫР Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы Әкім Тарази атындағы тірек мектебінде ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан Қыбраева Кенже Сантайқызы шәкірт тәрбиесін өмірінің мәніне айналдырған ұлағатты ұстаз. Кенже Сантайқызы 1965 жылы Жамбыл ауданының Пионер ауылы…

ҰСТАЗДЫҚҚА АДАЛ ҒҰМЫР

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы Әкім Тарази атындағы тірек мектебінде ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан Қыбраева Кенже Сантайқызы шәкірт тәрбиесін өмірінің мәніне айналдырған ұлағатты ұстаз.

Кенже Сантайқызы 1965 жылы Жамбыл ауданының Пионер ауылы, қазіргі Ащыбұлақ ауылында дүниеге келген. 1982 жылы мектепті аяқтап, болашақ мамандығын ұстаздықпен байланыстыруды таңдады. 1986 жылы Жамбыл педагогикалық училищесін тәмамдап, еңбек жолын білім саласында бастады. Содан бері 38 жылдан астам уақыт бойы жас ұрпаққа білім мен тәрбие беріп келеді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде шәкірттерінің бойына ана тіліне деген құрметті, әдебиетке деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға бар күш-жігерін арнап келеді.

Ұстаздықты жай мамандық емес, үлкен жауапкершілік деп түсінетін Кенже Сантайқызы әр оқушысына мейіріммен қарап, жүрек жылуын сыйлай біледі. Сол себепті де әріптестері арасында сыйлы, шәкірттері үшін қадірлі ұстазға айналды.

Ұстаздықпен қатар отбасының да ұйытқысы бола білген аяулы ана 1 ұл мен 2 қыз тәрбиелеп өсірді. Бүгінде балалары өз алдына шаңырақ көтеріп, немере сүйіп отырған ардақты әже.

«Жүрекке жылу сыйлайтын әрбір сәт үшін шүкір» деген өмірлік ұстанымды серік еткен Кенже Сантайқызының еңбек жолы кейінгі ұрпаққа үлгі болатын өнегелі ғұмыр.

 

Жамбыл облыстық ұйымы.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности