+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛЫНДАҒЫ ҰЛАҒАТ
Новости территориальных организаций 08 июня 2026

ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛЫНДАҒЫ ҰЛАҒАТ

ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛЫНДАҒЫ ҰЛАҒАТ

ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛЫНДАҒЫ ҰЛАҒАТ «Ұстаздық — ерекше құбылыс. Ол адамның адамды қалыптастыру жолындағы қасиетті қызметі» деп тегін айтылмаса керек. Өз ісіне шексіз берілген, әр шәкірттің бойынан талант ұшқынын іздейтін осындай нағыз маманның бірі — Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы…

ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛЫНДАҒЫ ҰЛАҒАТ

«Ұстаздық — ерекше құбылыс. Ол адамның адамды қалыптастыру жолындағы қасиетті қызметі» деп тегін айтылмаса керек. Өз ісіне шексіз берілген, әр шәкірттің бойынан талант ұшқынын іздейтін осындай нағыз маманның бірі — Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Серебрянск қаласындағы № 4 орта мектептің химия және биология пәні мұғалімі Қайнигүл Тұрқанова.

Ол білім беру саласында 38 жыл үзіліссіз еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі, білікті педагог. Бүгінде ол «педагог-сарапшы» деңгейіне көтерілген, өз пәнінің нағыз майталманы. Ұстаз үшін ең басты міндет құрғақ ақпарат беру емес, баланың жүрегіне жол тауып, оның бойындағы шығармашылық пен ізденіске деген құштарлықты ояту.

Сабақтарын заманауи педагогикалық технологияларды тиімді қолдана отырып, қызықты әрі түсінікті өткізетін ұстаз әр баланың жеке қабілетін дамытуға ерекше көңіл бөледі. Оның мейірімділігі мен талапшылдығы ұштасқан жылы қарым-қатынасы оқушыларды білім нәрімен сусындатып қана қоймай, оларды тұлға ретінде қалыптастыруға зор ықпал етуде.

Ұстаз еңбегінің басты өлшемі — шәкірттерінің жетістігі. Қайнигүл Тұрқанованың жетекшілігімен тәрбиеленген оқушылар тек сабақ үлгерімімен ғана емес, мектептің қоғамдық өмірінде де белсенділігімен ерекшеленеді.

Білім алушылардың бағындырған белестері:

✔️ аудандық және қалалық деңгейдегі пәндік олимпиадалардың бірнеше дүркін жүлдегерлері;

✔️ жаңашыл идеялармен ғылыми сайыстарға қатысып, жоғары марапаттарға ие болуы;

✔️ түрлі деңгейдегі жарыстарда мектеп абыройын асқақтатып, алдыңғы қатардан көрінуі.

Ұстаздың бағыт-бағдары мен сапалы білімінің арқасында оның шәкірттері білімге құштар, тәрбиелі және мақсатқа ұмтылатын, болашаққа нық қадам басқан жастар ретінде танылып келеді.

Қайнигүл Тұрқанова тек сынып ішімен шектеліп қалмай, мектептің, ауданның әдістемелік дамуына да үлкен үлес қосып жүрген шығармашыл тұлға. Ол әдістемелік бірлестік жұмысына белсенді қатысып, ашық сабақтар, семинарлар мен шеберлік сағаттарын жоғары деңгейде ұйымдастырады.

Жас мамандарға жол көрсетіп, өз тәжірибесімен бөлісуді азаматтық парызы санайтын ұстаз оқу бағдарламаларын жетілдірумен және дидактикалық материалдар дайындаумен де айналысады. Мұнымен қоса, қоғамдық жобалар мен қайырымдылық шараларының бел ортасында жүріп, балалардың патриоттық, адамгершілік тәрбиесіне баса назар аударады.

Көпжылдық жемісті еңбек пен білім беру саласына қосқан қомақты үлесі елеусіз қалған жоқ. Қайнигүл Тұрқанова мектеп әкімшілігінің Алғыс хаттарымен, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің Құрмет грамоталарымен, педагогикалық шеберлігі мен кәсіби байқаулардағы жетістіктері үшін арнайы сертификаттар мен дипломдармен марапатталған.

Бірақ ұстаз үшін ең үлкен марапат — әріптестерінің құрметі, ата-аналардың алғысы мен шәкірттерінің ыстық ықыласы.

Ұстаздың өмірлік және кәсіби ұстанымы — «Нақты қадам жаса». Ол ешқашан бір орнында тұрмайды, үнемі алға ұмтылады, ізденеді және шәкірттерін де әрқашан батыл, нақты шешімдер қабылдауға үйретеді.

Қайнигүл Тұрқанова — білім сапасын арттыруды мақсат тұтқан, жауапкершілігі биік, ұжымда сыйлы және әр шәкірттің жүрегінен орын ала білген шынайы жүректі Ұлы Ұстаз. Осындай ұлағатты жандар тұрғанда еліміздің білім беру саласының болашағы әрқашан жарқын болмақ!

 

Шығыс Қазақстан облысының Алтай аудандық ұйымы

Все новости

Читайте также

  • ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

    06.08.2026
  • АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ
    Новости территориальных организаций

    АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ

    06.08.2026
  • ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ
    Новости территориальных организаций

    ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ

    05.08.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности