+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҰСТАЗДЫҚ ҰЛАҒАТЫ
Новости территориальных организаций 09 июня 2026

ҰСТАЗДЫҚ ҰЛАҒАТЫ

ҰСТАЗДЫҚ ҰЛАҒАТЫ

ҰСТАЗДЫҚ ҰЛАҒАТЫ Төрәлиева Қамар Әскербекқызы саналы ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнаған, білім беру саласында ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп келе жатқан білікті педагог. Ол 1970 жылдың 18 желтоқсанында Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген. 1976–1987…

ҰСТАЗДЫҚ ҰЛАҒАТЫ

Төрәлиева Қамар Әскербекқызы саналы ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнаған, білім беру саласында ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп келе жатқан білікті педагог. Ол 1970 жылдың 18 желтоқсанында Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген. 1976–1987 жылдары Аққыр ауылындағы №188 орта мектепте білім алған.

1987 жылы Қорқыт Ата атындағы педагогикалық институтқа оқуға түсіп, 1992 жылы аталған оқу орнын математика және физика мамандығы бойынша сәтті тәмамдады.

Еңбек жолын 1992 жылы Мәдениет ауылындағы мектепте мұғалім болып бастаған жас маман алғашқы күннен-ақ өз ісіне жауапкершілікпен қарап, оқушылардың білім сапасын арттыруға бар күш-жігерін салды. Отбасылық жағдайына байланысты аудан орталығына қоныс аударып, 1993–1999 жылдары №123 орта мектепте қызмет атқарды. Ал 1999 жылдан бері Ш. Ермағанбетова атындағы №246 орта мектепте математика пәнінің мұғалімі болып еңбек етіп келеді.

Бүгінде Қамар Әскербекқызының педагогикалық еңбек өтілі 34 жылды құрайды. Осы уақыт аралығында ол мыңдаған шәкіртке сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, әріптестері арасында тәжірибелі ұстаз, кәсіби шеберлігі жоғары маман ретінде танылды. Ұстаздың басты ұстанымы – әр баланың бойындағы қабілетті ашып, оны білім арқылы үлкен жетістіктерге жетелеу.

Қамар Әскербекқызы қазіргі таңда педагог-зерттеуші санатына ие. Ол өзінің кәсіби шеберлігін үнемі жетілдіріп, түрлі байқаулар мен білім беру іс-шараларына белсенді қатысып келеді. 2024 жылы аудандық «Математикалық регата» байқауында ІІІ орын иеленсе, сол жылы білім саласы қызметкерлері арасында өткен шахмат жарысында ІІ орын алды.

Ұстаз еңбегінің басты жемісі – шәкірт жетістігі. Қамар Әскербекқызы дайындаған оқушылар аудандық және облыстық деңгейдегі білім сайыстарында жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.

Қамар Әскербекқызы тек білікті педагог қана емес, сонымен қатар ардақты ана, аяулы әже. Ол отбасында төрт ұл мен бір қыз тәрбиелеп өсірген. Бүгінде ұл-қыздарының қуанышын көріп, немерелерінің қызығына бөленіп отырған бақытты жан.

Ұстаздық – үлкен жүректі, қажырлы еңбекті талап ететін қасиетті мамандық. Қамар Әскербекқызы осы қасиеттерді бойына сіңіре отырып, білім беру саласында талай жетістіктерге жетіп, ауданның рухани дамуына өзіндік үлесін қосып келеді. Оның көпжылдық еңбегі мен шәкірт тәрбиесіндегі табыстары кейінгі жас мұғалімдерге үлгі, ал оқушылары үшін өмірлік бағыт-бағдар болып қала бермек.

Все новости

Читайте также

  • ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

    06.08.2026
  • АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ
    Новости территориальных организаций

    АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ

    06.08.2026
  • ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ
    Новости территориальных организаций

    ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ

    05.08.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности