+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҰСТАЗДЫҢ ЖАРҚЫН ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ БЕЛЕС
Новости территориальных организаций 29 июня 2026

ҰСТАЗДЫҢ ЖАРҚЫН ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ БЕЛЕС

ҰСТАЗДЫҢ ЖАРҚЫН ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ БЕЛЕС

ҰСТАЗДЫҢ ЖАРҚЫН ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ БЕЛЕС Бурабай төрінде өткен «Жас ұстаздардың халықаралық жазғы лагерінен» ерекше әсермен, жаңа идеялармен және шабытпен оралдым. Бұл лагерь мен үшін тек тәжірибе алмасу алаңы емес, кәсіби әрі тұлғалық дамуыма үлкен серпін берген маңызды мектеп…

ҰСТАЗДЫҢ ЖАРҚЫН ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ БЕЛЕС

Бурабай төрінде өткен «Жас ұстаздардың халықаралық жазғы лагерінен» ерекше әсермен, жаңа идеялармен және шабытпен оралдым.

Бұл лагерь мен үшін тек тәжірибе алмасу алаңы емес, кәсіби әрі тұлғалық дамуыма үлкен серпін берген маңызды мектеп болды. Әртүрлі елдерден келген әріптестермен пікір алмасып, жаңа достар тауып, өзіміздің білім беру жүйесінің жетістіктерін таныстырудың өзі үлкен жауапкершілік әрі мақтаныш.

Халықаралық лагерь барысында Маңғыстау өңірінің атынан шетелдік әріптестерімізге өңірімізді айқындайтын естелік сыйлықтарымызды табыстадық. Бұл – халқымыздың қонақжайлығы мен мәдениетін танытудың бір көрінісі болды.

Сонымен қатар, келесі жылы халықаралық жазғы лагерьді қасиетті Маңғыстау жерінде өткізуді ұсынып, арнайы қолқа салдық. Қонақтарымыз өңіріміздің табиғаты мен тарихи-мәдени мұрасына қызығушылық танытып, бұл ұсынысты жылы қабылдайды деп сенеміз.

Ең алдымен, бізге осындай үлкен мүмкіндік сыйлаған Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағына және Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымына шынайы алғысымды білдіремін.

Лагерьдің басынан аяғына дейін біздің арамызда болып, әрбір жас педагогқа ерекше көңіл бөлген салалық кәсіподақтың төрайымы Айгүл Мақсатқызының қарапайымдылығы, байсалдылығы және адамға деген жанашырлығы мені ерекше тәнті етті.

Қаншама жауапкершілігі бола тұра, әрқайсымызға уақыт бөліп, зейін қойып тыңдап, ақыл-кеңесін аямай бөлісуі – нағыз көшбасшыға тән қасиет.

Тағы бір ерекше әсер қалдырған сәт – жас педагогтерді қолдап, жігерлендіру мақсатында жоспардан тыс әр командаға салалық кәсіподақ атынан ақшалай сыйлықтардың табысталуы болды. Бұл – жастардың еңбегін бағалап, олардың жаңа белестерге ұмтылуына берілген үлкен мотивация. Осындай қолдаудың барлығы жас педагогтердің дамуы мен болашағы үшін жасалып жатқанын анық сезіндік.

Өзімнің ғылыммен айналысуыма, түрлі жобаларға қатысып, ұйымдастырушылық қабілетімді шыңдауыма әрдайым қолдау білдіріп келе жатқан Маңғыстау туризм колледжінің басшылығына ерекше алғысымды білдіремін. Маған сенім артып, кәсіби дамуыма жағдай жасап жүрген ұжымның қолдауы – мен үшін үлкен күш.

Осындай мүмкіндік сыйлап, жас педагогтердің жан-жақты дамуына жол ашып жүрген барша азаматтарға алғысым шексіз! Осындай игі бастамалар жалғасын тауып, келесі халықаралық лагерьді қонақжай Маңғыстау төрінде бірге қарсы аламыз деген сенімдемін

 

Г.Кушанова,

Маңғыстау облысы, Маңғыстау Туризм колледжінің оқытушысы

Все новости

Читайте также

  • ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

    06.08.2026
  • АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ
    Новости территориальных организаций

    АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ

    06.08.2026
  • ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ
    Новости территориальных организаций

    ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ

    05.08.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности