+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҰСТАЗДАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ТУРИСТІК МАРШРУТ
Новости территориальных организаций 07 июля 2026

ҰСТАЗДАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ТУРИСТІК МАРШРУТ

ҰСТАЗДАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ТУРИСТІК МАРШРУТ

ҰСТАЗДАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ТУРИСТІК МАРШРУТ Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы білім қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғаумен қатар, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және рухани…

ҰСТАЗДАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ТУРИСТІК МАРШРУТ

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы білім қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғаумен қатар, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және рухани демалысын мазмұнды өткізуге ерекше мән береді. Осы бағыттағы игі бастамалардың бірі - кәсіподақ мүшелеріне арналған танымдық-туристік саяхаттарды тұрақты түрде ұйымдастыру.

Биыл облыстық кәсіподақтың бастамасымен туристік бағыттар қатары тағы бір жаңа маршрутпен толықты. Бұған дейін кәсіподақ мүшелері Ташкент-Самарқанд және Түркістан бағыттарына саяхат жасап келген болса, енді Алматы облысының табиғаты көздің жауын алатын көрікті мекендері - Қайыңды көлі, Көлсай көлдері және Шарын шатқалы жаңа туристік бағыт ретінде енгізілді. Бұл жоба кәсіподақ мүшелерінің көптен бергі сұранысы негізінде жүзеге асырылып отыр.

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы Ерұлан Мағзымбеков кәсіподақ қызметінің басты міндеттерінің бірі мүшелердің әлеуметтік әл-ауқатын арттыру екенін атап өтті.

– Кәсіподақ – еңбек адамының құқықтарын қорғаумен ғана шектелмейді. Біз әрбір мүшеміздің сапалы демалуына, денсаулығын нығайтуына, рухани серпіліс алуына жағдай жасауға ұмтыламыз. Қазақстанның табиғи және тарихи орындарын таныстыру арқылы ішкі туризмді дамытуға да өз үлесімізді қосып келеміз. Жаңа бағыттың ашылуы кәсіподақ мүшелерінің сұранысына берілген нақты жауап. Алдағы уақытта да әлеуметтік жобалардың аясын кеңейтіп, жаңа бағыттарды іске асыруды жалғастырамыз, – дейді кәсіподақ төрағасы.

Жаңа туристік бағытты ұйымдастыру жұмыстарын «Тараз-Профсоюз-Турист» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыруда. Серіктестік маманы Жанат Усербаеваның айтуынша, жаңа маршрутқа қызығушылық күн сайын артып келеді.

– Қазіргі таңда жаңа бағыт бойынша екі топ саяхаттап қайтты. Әсіресе Тараз қаласы, Қордай және Сарысу аудандарының педагогтері белсенділік танытып отыр. Табиғаттың әсемдігі мен маршруттың мазмұндылығы саяхатшылардың көңілінен шықты. Қазір келесі топтарды жасақтау жұмыстары жүргізілуде, – дейді ол.

Екі күнге жоспарланған сапар барысында қатысушылар әлемге әйгілі Қайыңды көлінің тылсым табиғатын, Көлсай көлдерінің мөлдір суы мен әсем көрінісін, сондай-ақ миллиондаған жылдар бойы табиғаттың өзі қалыптастырған Шарын шатқалының қайталанбас келбетін тамашалады. Табиғаттың осындай ғажайып көріністерін өз көзімен көру әрбір саяхатшыға ерекше әсер сыйлады. Білім қызметкерлері кәсіподағының Сарысу аудандық комитетінің төрағасы Гүлмира Сұлтанбекова бұл сапардың маңызы зор болғанын атап өтті.

– Теледидардан немесе суреттерден көрген табиғаттың сұлулығын көзбен көру мүлде бөлек әсер екен. Қайыңды көлінің су астындағы орманы, Көлсайдың көркем табиғаты, Шарын шатқалының алып жартастары бәрімізді таңғалдырды. Мұндай саяхаттар адамның тынығып қана қоймай, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырады. Еліміздің табиғатының қаншалықты бай әрі көркем екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздік, – дейді ол.

Бүгінде кәсіподақ ұйымдастыратын туристік жобалар білім қызметкерлерінің үлкен қолдауына ие болып отыр. Мұндай сапарлар ұстаздардың кәсіби шаршауын басып, табиғат аясында сергіп, әріптестерімен еркін пікір алмасуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар ішкі туризмді дамытуға, туған жердің табиғи және тарихи мұраларын насихаттауға өз үлесін қосады. Кәсіподақтың әлеуметтік бағыттағы мұндай бастамалары алдағы уақытта да жалғасып, жаңа туристік маршруттармен толыға түспек.

Жамбыл облыстық ұйымы

Все новости

Читайте также

  • ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

    06.08.2026
  • АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ
    Новости территориальных организаций

    АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ

    06.08.2026
  • ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ
    Новости территориальных организаций

    ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ

    05.08.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности