+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҰСТАЗДАРҒА АРНАЛҒАН БІЛІМ ДОДАСЫ
Новости территориальных организаций 15 февраля 2026

ҰСТАЗДАРҒА АРНАЛҒАН БІЛІМ ДОДАСЫ

ҰСТАЗДАРҒА АРНАЛҒАН БІЛІМ ДОДАСЫ

ҰСТАЗДАРҒА АРНАЛҒАН БІЛІМ ДОДАСЫ Ақтөбеде Темір аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен Республикалық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңі ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті. Байқаудың басты мақсаты – жас…

ҰСТАЗДАРҒА АРНАЛҒАН БІЛІМ ДОДАСЫ

☑️ Ақтөбеде Темір аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен Республикалық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңі ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті.

✏️Байқаудың басты мақсаты – жас педагогтардың шығармашылық әлеуетін арттыру, олардың кәсіби тұрғыдан өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасау және білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған белсенді көзқарасын қалыптастыру. Сонымен қатар олимпиада жас мамандардың ізденісін шыңдап, тәжірибе алмасуына, кәсіби шеберлігін жетілдіруіне мүмкіндік берді.

🧩Байқауға еңбек өтілі бес жылға дейінгі пән мұғалімдері, педагог-психологтар мен тәлімгерлер қатысты. Қатысушылар түрлі кезеңдер бойынша өз білімдері мен біліктіліктерін, шығармашылық ізденістері мен жаңашыл идеяларын ортаға салды. Әділқазылар алқасы үміткерлердің кәсіби шеберлігіне, жаңашылдығына және педагогикалық ұстанымына баса назар аударды.

📝Нәтижесінде І орынды Шұбарқұдық гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі Әдемі Қайранова иеленді. ІІ орынға №1 Шұбарқұдық мектеп-гимназиясының химия пәні мұғалімі Азамат Сұлтанәлі мен №2 Шұбарқұдық қазақ-орыс жалпы білім беретін орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Аяжан Абдуллина лайық деп танылды. ІІІ орынды Сартоғай негізгі орта мектебінің химия пәні мұғалімі Ділназ Сегізбай қанжығасына байлады.

◽️Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Темір аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымы атынан арнайы марапаттар табысталды. Сонымен қатар оларға Бурабай өңіріне тарихи-танымдық саяхатқа жолдама сыйға берілді.

ҰСТАЗДАРҒА АРНАЛҒАН БІЛІМ ДОДАСЫ
ҰСТАЗДАРҒА АРНАЛҒАН БІЛІМ ДОДАСЫ
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности