+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҰСТАЗДАР ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДАН СЫНҒА ТҮСТІ
Новости территориальных организаций 25 марта 2026

ҰСТАЗДАР ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДАН СЫНҒА ТҮСТІ

ҰСТАЗДАР ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДАН СЫНҒА ТҮСТІ

ҰСТАЗДАР ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДАН СЫНҒА ТҮСТІ Ақтөбенің Әйтеке би ауданында білім қызметкерлерінің қатысуымен дәстүрлі «Алтын сақа» аудандық турнирі ұйымдастырылды. Аталған шара Әйтеке би аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен өткізіліп, мұғалімдер арасында ұлттық…

ҰСТАЗДАР ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДАН СЫНҒА ТҮСТІ

✅Ақтөбенің Әйтеке би ауданында білім қызметкерлерінің қатысуымен дәстүрлі «Алтын сақа» аудандық турнирі ұйымдастырылды. Аталған шара Әйтеке би аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен өткізіліп, мұғалімдер арасында ұлттық ойындарды дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

✨Жарысқа аудан мектептерінен 20 ерлер командасы және 14 әйелдер командасы қатысып, өзара бақ сынасты. Қатысушылар асық ату мен бес асық ойындарынан шеберліктерін көрсетіп, тартысты бәсекеге түсті.

📋Ерлер арасында өткен «Бес табан» (асық ату) сайысы бойынша І орынды Т.Г. Шевченко атындағы жалпы орта білім беретін мектеп командасы иеленді. ІІ орын Ж.Сәрсенов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп командасына бұйырса, ІІІ орынды Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп командасы қанжығасына байлады.

📂Әйелдер арасындағы «Бес асық» сайысы да тартысты өтті. Нәтижесінде І орынды Комсомол жалпы орта білім беретін мектебі, ІІ орынды Талдысай жалпы орта білім беретін мектебі, ал ІІІ орынды Әйке жалпы орта білім беретін мектебінің командалары жеңіп алды.

🌟Турнир барысында ерекше көзге түскен ойыншылар да назардан тыс қалмады. «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша «Бес табан» ойынында Т.Г.Шевченко атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Ғабит Бабанов, ал «Бес асық» сайысында Талдысай жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Гүлжанат Алмағанбетова марапатқа ие болды.

✨Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ ұйымының кубоктары, медальдары және мадақтама қағаздары табысталды. Сонымен қатар, ерекше көзге түскен екі жеңімпазға Түркістан қаласына тарихи-танымдық саяхатқа жолдама берілді.

🖇️Турнир мұғалімдер арасында ұлттық ойындарды кеңінен насихаттап қана қоймай, ұжымдық бірлікті нығайтып, салауатты өмір салтын дәріптеуге зор үлес қосты.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности