+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҰСТАЗДАР АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА
Новости территориальных организаций 08 апреля 2026

ҰСТАЗДАР АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА

ҰСТАЗДАР АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА

ҰСТАЗДАР АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА Ақтөбенің Мұғалжар ауданында білім қызметкерлері арасында дәстүрлі ХХV Мұғалімдер спартакиадасы ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті. Аталған спорттық шара аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен өтті. Спартакиадаға аудан…

ҰСТАЗДАР АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА

▪️Ақтөбенің Мұғалжар ауданында білім қызметкерлері арасында дәстүрлі ХХV Мұғалімдер спартакиадасы ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті. Аталған спорттық шара аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен өтті.

▫️Спартакиадаға аудан мұғалімдері белсенді қатысып, спорттың бес түрі бойынша бақ сынады. Атап айтқанда, волейбол (ерлер және әйелдер), тоғызқұмалақ, үстел теннисі, сондай-ақ ұлттық ойындар — бес табан мен бес асық бойынша жарыстар ұйымдастырылды.

📃Волейболдан ерлер арасында І орынды Қандыағаш қаласындағы №3 мектеп-гимназия командасы иеленсе, ІІ орын Қандыағаш қалалық №4 гимназияға бұйырды. Ал ІІІ орынды Сағашилі жалпы білім беретін орта мектебі қанжығасына байлады.

📑Әйелдер арасындағы волейбол жарысында Қандыағаш қаласы №1 жалпы білім беретін орта мектебінің командасы топ жарып, І орынды жеңіп алды. ІІ орынды Ембі қалалық №1 жалпы білім беретін орта мектебі иеленсе, ІІІ орын Қандыағаш қаласы №4 гимназия командасына бұйырды.

📝Үстел теннисі бойынша өткен тартысты додада І орынды Ембі қалалық №2 жалпы білім беретін орта мектебі жеңіп алды. Қандыағаш қаласы №5 жалпы білім беретін орта мектебі ІІ орынға ие болса, ІІІ орынды Қандыағаш қалалық №4 гимназия еншіледі.

🔳Тоғызқұмалақ жарысында Қандыағаш қаласы №3 мектеп-гимназиясының командасы үздік нәтиже көрсетіп, І орынды иеленді. ІІ орын Ембі қалалық №1 жалпы білім беретін орта мектебіне бұйырса, ІІІ орынды Қ.Жұбанов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп командасы алды.

⚜️Ұлттық ойындар — бес табан және бес асық бойынша өткен жарыста І орынды Қандыағаш қаласы №1 жалпы білім беретін орта мектебі жеңіп алды. Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі ІІ орынды иеленсе, ІІІ орын Сағашилі жалпы білім беретін орта мектебіне бұйырды.

🔰Жалпы командалық есеп қорытындысы бойынша І орынды Қандыағаш қаласы №1 жалпы білім беретін орта мектебі иеленді. ІІ орын Қандыағаш қаласы №3 мектеп-гимназияға берілсе, ІІІ орынды Қандыағаш қаласы №4 гимназия командасы қанжығалады.

✔️Жарыс қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудандық білім бөлімі мен аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының бірлескен дипломдары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

🖇️Бұл спартакиада ұстаздар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, әріптестік байланысты нығайтуға үлкен үлес қосты.

ҰСТАЗДАР АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА
ҰСТАЗДАР АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности