+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҰСТАЗДАР АДАЛДЫҚТЫ ДӘРІПТЕДІ
Новости территориальных организаций 18 мая 2025

ҰСТАЗДАР АДАЛДЫҚТЫ ДӘРІПТЕДІ

ҰСТАЗДАР АДАЛДЫҚТЫ ДӘРІПТЕДІ

ҰСТАЗДАР АДАЛДЫҚТЫ ДӘРІПТЕДІ Ақтөбе облысының Қобда аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының қолдауымен сынып жетекшілер арасында «Академиялық адалдық – сапалы білім негізі» тақырыбында байқау өтті. Іс-шараның басты мақсаты – білім беру үдерісінде академиялық адалдық…

ҰСТАЗДАР АДАЛДЫҚТЫ ДӘРІПТЕДІ

✅Ақтөбе облысының Қобда аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының қолдауымен сынып жетекшілер арасында «Академиялық адалдық – сапалы білім негізі» тақырыбында байқау өтті.

🔹Іс-шараның басты мақсаты – білім беру үдерісінде академиялық адалдық қағидаттарын кеңінен насихаттап, әділдік, жауапкершілік және шынайылық сияқты адами құндылықтарды дәріптеу болды. Байқау барысында педагогтар өздерінің жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп, оқушыларда академиялық адалдықты қалыптастыруға бағытталған тың идеялар мен шығармашылық жобаларын ұсынды.

▫️Байқау қатысушыларының жұмыстары мазмұнының өзектілігі, шығармашылық тұрғыдағы шешімдері және практикалық маңыздылығы бойынша бағаланды. Мұғалімдердің кәсіби біліктілігі мен тәрбие үдерісіндегі жаңашыл көзқарастары байқаудың жоғары деңгейде өтуіне ықпал етті.

⚜️Байқау қорытындысы бойынша І орынды – Сарбұлақ орта мектебінің мұғалімі Сәуле Жұмағұлова, ІІ орынды – Ә.Молдағұлова атындағы орта мектептен Жайнагүл Абишева және Бесқұдық орта мектебінен Аяжан Нағашыбайқызы, ал ІІІ орынды – Бестау мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінен Ұлдана Тілеубергенова, Талдысай орта мектебінен Ақбөпе Сақып және И.Білтабанов атындағы орта мектептен Гүлдана Медетова иеленді.

🔸Сондай-ақ, байқауға белсене қатысқан бірқатар мұғалімдерге Алғыс хаттар табысталып, олардың еңбегі лайықты бағаланды. Байқауда І орынды иеленген Сарбұлақ орта мектебінің мұғалімі Сәуле Жұмағұловаға аудандық кәсіподақ ұйымы атынан тарихи-танымдық саяхатқа жолдама табысталды, ал жүлдегерлер мен қатысушыларға бағалы сыйлықтар ұсынылды.

☑️Мұндай байқаулар ұстаздар қауымы арасында кәсіби тәжірибе алмасуға, білім беру сапасын арттыруға және жас ұрпақтың бойында адалдық пен жауапкершілік сынды құндылықтарды қалыптастыруға үлкен серпін беретіні сөзсіз.

ҰСТАЗДАР АДАЛДЫҚТЫ ДӘРІПТЕДІ
ҰСТАЗДАР АДАЛДЫҚТЫ ДӘРІПТЕДІ
ҰСТАЗДАР АДАЛДЫҚТЫ ДӘРІПТЕДІ
1 / 3
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности