+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҰСТАЗ - ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ ШАМШЫРАҒЫ
Новости территориальных организаций 15 февраля 2026

ҰСТАЗ - ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ ШАМШЫРАҒЫ

ҰСТАЗ - ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ ШАМШЫРАҒЫ

ҰСТАЗ - ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ ШАМШЫРАҒЫ Ұстаздық – ұлы жол. Осы жолда талмай еңбек етіп, сан шәкірттің жүрегіне білім нәрін сепкен ардақты ұстаздардың бірі – Дәрібаева Дамира Әлібекқызы. Білімге деген құштарлығы мен табандылығының арқасында Дамира Әлібекқызы 1987 жылы Ташкент…

ҰСТАЗ - ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ ШАМШЫРАҒЫ

Ұстаздық – ұлы жол. Осы жолда талмай еңбек етіп, сан шәкірттің жүрегіне білім нәрін сепкен ардақты ұстаздардың бірі – Дәрібаева Дамира Әлібекқызы.

Білімге деген құштарлығы мен табандылығының арқасында Дамира Әлібекқызы 1987 жылы Ташкент мемлекеттік университетінің математика факультетін сәтті аяқтады. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін еңбек жолын мектепте математика пәнінің мұғалімі ретінде бастады. Ата-анасының жолын қуған жас ұстаз алғашқы күннен-ақ өз ісіне жауапкершілікпен қарап, оқушылар мен әріптестері арасында беделге ие болды. Оның шәкірттері түрлі олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып, жоғары нәтижелер көрсетіп отырды.

Бұл – ұстаз еңбегінің жемісі, сапалы білім мен жүйелі жұмыстың айқын дәлелі. 2000 жылы Дамира Әлібекқызының «Математика сабағында оқушылардың өзіндік ойлау қабілетін дамыту» атты әдістемелік еңбегі жарық көрді. Бұл еңбек мұғалімдер қауымы тарапынан жоғары бағаланды. 2002 жылы ол жоғары санатты мұғалім атағын қорғады. 2004 жылы тарихи Отанына қоныс аударып, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Имантау орта мектебіне жұмысқа орналасты. Осында да өзінің кәсіби шеберлігі мен ізденімпаздығын дәлелдей білді. Математика пәні мұғалімдері арасында өткен «Алтын кілт» байқауының жеңімпазы атанды. Сонымен қатар Кембридж деңгейлік бағдарламасының ілгері деңгейінде білімін жетілдірді. Ұстаздың «Математика сабағының үздік әдістемесі», «Авторлық бағдарламалар», «Математика сабағында оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру» тақырыптарындағы жұмыстары кәсіби ортада жоғары бағасын алды.

Ол «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының жүлдегері атанып, жаңашыл педагог ретінде танылды. Әріптестерімен тәжірибе алмасып, семинарлар мен әдістемелік кездесулерде өз іс-тәжірибесімен бөлісіп келеді. Ұстаздың басты жетістігі марапаттары мен атақтары ғана емес, шәкірттерінің жетістігі, олардың өмірден өз жолын табуы. Саналы ғұмырын білім саласына арнаған Дамира Әлібекқызы – жас ұрпаққа үлгі, әріптестеріне өнеге бола білген абзал жан.

 

Солтүстік Қазақстан облыстық ұйымы

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности