+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҰСТАЗ ЕҢБЕГІМЕН ШЫҢДАЛҒАН ЖЕТІСТІК
Новости территориальных организаций 20 мая 2026

ҰСТАЗ ЕҢБЕГІМЕН ШЫҢДАЛҒАН ЖЕТІСТІК

ҰСТАЗ ЕҢБЕГІМЕН ШЫҢДАЛҒАН ЖЕТІСТІК

ҰСТАЗ ЕҢБЕГІМЕН ШЫҢДАЛҒАН ЖЕТІСТІК Ақтөбе облысы, Темір ауданының білім саласында дарынды оқушылардың жарқырай танылып, ғылыми жобалар мен кәсіпкерлік бастамаларда биік белестерді бағындыруы — ұстаз еңбегінің жемісі. Соның айқын дәлелі — Шұбарқұдық ауылы №4 жалпы орта білім…

ҰСТАЗ ЕҢБЕГІМЕН ШЫҢДАЛҒАН ЖЕТІСТІК

📎 Ақтөбе облысы, Темір ауданының білім саласында дарынды оқушылардың жарқырай танылып, ғылыми жобалар мен кәсіпкерлік бастамаларда биік белестерді бағындыруы — ұстаз еңбегінің жемісі. Соның айқын дәлелі — Шұбарқұдық ауылы №4 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Бақдәулет Бердімұраттың «AgroBaq» агрожобасымен жеңіске жетіп, 500 000 теңге грант иегері атануы.

🖇️Бұл жетістік тек шәкірттің талпынысы ғана емес, оның бойындағы қабілетті танып, дұрыс бағыт-бағдар берген ұстаздарының кәсіби шеберлігінің нәтижесі. Бақдәулеттің ғылыми ізденіске, агротехнология мен кәсіпкерлікке қызығушылығын арттырып, жобаның мазмұнды әрі өміршең болуына жетекшілік еткен тәжірибелі педагогтар — география пәнінің мұғалімі Айсауле Бақтығали мен биология пәнінің мұғалімі Гүлбақыт Өтебаева.

✔️Айсауле Бақтығали — жас болса да, білім мен ғылымды ұштастыра білген ізденімпаз ұстаз. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «География» мамандығын тәмамдаған педагог қысқа уақыт ішінде шәкірттерінің ғылыми-зерттеу қабілеттерін дамыту бағытында үлкен жетістіктерге жетіп келеді. Оның жетекшілігімен оқушылар облыстық және республикалық ғылыми жобалар байқауларында жүлделі орындарға ие болып, өз идеяларын сәтті қорғауда. Әсіресе, «100 кәсіп» жобасы аясында ұсынылған «AgroBaq» бизнес-жобасының жоғары деңгейде таныстырылуы — ұстаздың жаңашыл көзқарасы мен табанды еңбегінің нәтижесі. Ол оқушыларды тек білім алуға ғана емес, заманауи кәсіпкерлікке, нақты тәжірибе арқылы еңбек етуге баулып келеді.

✔️Ал, биология пәнінің мұғалімі Гүлбақыт Өтебаева — саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған тәжірибелі ұстаз. 35 жылдық педагогикалық еңбек жолында ол талай шәкірттің ғылым мен білімге деген қызығушылығын оятып, биік белестерге жетелеуде. Ұстаз жетекшілік еткен оқушылар облыстық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларында үздік нәтижелер көрсетіп келеді. Гүлбақыт Өтебаеваның жетекшілігімен жүзеге асқан «Мектеп жылыжайы — болашақ агроинновация зертханасы ретінде» атты STEAM жобасы оқушылардың агротехнология саласына қызығушылығын арттырып, экологиялық мәдениетін қалыптастыруға үлкен ықпал етті. Бұл жоба да ауыл шаруашылығын ғылыммен ұштастырудың жарқын үлгісіне айналды.

✅Бүгінде Бақдәулет Бердімұраттың жетістігі — Темір ауданы ұстаздарының сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Осындай жаңашыл ұстаздардың арқасында ауыл мектебіндегі оқушылар ғылым мен кәсіпкерлікті қатар меңгеріп, болашаққа нық қадам жасауда.

📝Ұстаз — тек білім беруші маман емес, ол — шәкірт жүрегіне сенім ұялатып, арманын ақиқатқа айналдыруға жол ашатын шамшырақ. Темірлік ұстаздардың еңбегі — соның айқын дәлелі.

 

Ақтөбе облыстық кәсіподағы

ҰСТАЗ ЕҢБЕГІМЕН ШЫҢДАЛҒАН ЖЕТІСТІК
ҰСТАЗ ЕҢБЕГІМЕН ШЫҢДАЛҒАН ЖЕТІСТІК
ҰСТАЗ ЕҢБЕГІМЕН ШЫҢДАЛҒАН ЖЕТІСТІК
1 / 3
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности