+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҰСТАЗ ЕҢБЕГІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНА САЛЫНҒАН ІЗГІ ЖОЛ
Новости территориальных организаций 22 июля 2025

ҰСТАЗ ЕҢБЕГІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНА САЛЫНҒАН ІЗГІ ЖОЛ

ҰСТАЗ ЕҢБЕГІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНА САЛЫНҒАН ІЗГІ ЖОЛ

ҰСТАЗ ЕҢБЕГІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНА САЛЫНҒАН ІЗГІ ЖОЛ Ақтөбе облысының білім саласында жас ұрпақтың болашағы үшін аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымы тағы бір халықаралық жетістікпен ел мерейін үстем етті. Жуырда Австралияда өткен мектеп оқушыларына арналған ең беделді зияткерлік…

ҰСТАЗ ЕҢБЕГІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНА САЛЫНҒАН ІЗГІ ЖОЛ

📍Ақтөбе облысының білім саласында жас ұрпақтың болашағы үшін аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымы тағы бір халықаралық жетістікпен ел мерейін үстем етті. Жуырда Австралияда өткен мектеп оқушыларына арналған ең беделді зияткерлік дода — Халықаралық математикалық олимпиадада (IMO-2025) қазақстандық оқушылар жоғары нәтиже көрсетіп, төрт күміс пен екі қола медаль жеңіп алды. Олардың арасында дарынды жасөспірімдерге арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушысы, халықаралық деңгейдегі қола жүлдегер Ерқанат Кеңшілік бар. Осы жеңістердің артында білімі мен тәжірибесін шәкірт тәрбиесіне арнаған ұстаздардың қажырлы еңбегі тұр.

🌟Солардың бірі – Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының директорының орынбасары, математика пәнінің мұғалімі, математика магистрі, педагог-шебер Аян Баянбекұлы Сәбитов. 21 жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі маман талай дарынды шәкіртке бағыт-бағдар беріп, халықаралық дәрежедегі білім додаларына дайындап келеді. Оның шәкірттері тек Қазақстанда ғана емес, шетелдік олимпиадаларда да жеңімпаз атанып жүр.

📘Биылғы халықаралық додада Қазақстан құрамасы қатарында қола жүлде иеленген Ерқанат Кеңшілік — Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Басқұдық ауылынан шыққан дарынды жас. Ол 7-сыныпқа дейін Басқұдық орта мектебінде оқып, бастауыштан-ақ ерекше қабілетімен көзге түскен. Бүгінде ол дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушысы, ел үмітін ақтаған жас математик.

♻️Ерқанаттың жетістігінің артында отбасындағы өнегелі тәрбие мен қолдаудың орны ерекше. Әкесі — Төлеген Төрежанов, Басқұдық орта мектебінде күзетші болып қызмет етеді. Анасы — Сандуғаш Қуанышбаева, сол мектепте технология пәнінің мұғалімі. Екеуі де білім беру саласында еңбек етіп жүрген ардақты жандар. Балаларының білімге деген ынтасын арттырып, қолдау білдіру арқылы үлкен нәтижеге жетуіне себепші бола білді.

📚Дарынды оқушының табысты болуына бастауыш сыныптан бастап берік іргетас қалаған бастауыш сынып мұғалімдері – Төрежанова Гүлбану Кеңшілікқызы мен Әбдешова Тоты Зиноллақызының еңбегі де ерекше. Білім мен тәрбие негізін қалаған бұл ұстаздар – өз ісіне адал, шәкірт жүрегіне жол таба білген жандар.

📐Оқушының математикаға деген ынтасын арттырып, алғашқы пәндік қабілетін дамытқан маман – математика пәнінің жас мұғалімі Бекпенбет Эльвира Викторқызы. Қысқа уақыт ішінде ол кәсіби шеберлігін дәлелдеп, облыстық пәндік олимпиадалар мен педагогикалық байқауларда бірнеше мәрте жеңімпаз атанды.

🔢Ал 6-сыныпта Ерқанаттың математикалық қабілетін одан әрі дамытқан ұстазы – Мауетекова Люба Бақытқызы. Тәжірибелі маман өзінің ұзақ жылғы еңбегі мен шәкіртке деген жанашырлығымен ерекшеленеді. Ұлағатты ұстаз осы уақытқа дейін бірнеше оқушыны аудандық пәндік олимпиадаларға дайындап, жүлдегер еткен.

🟦Ауыл мектебінен бастау алған баланың халықаралық деңгейде жетістікке жету жолында осындай білікті ұстаздардың ықпалы зор. Бұл ұстаз еңбегінің өлшеусіздігін, білім мен тәрбие берудегі табандылықтың нақты дәлелі.

💬 Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы осындай ұстаздарды әрдайым қолдап, еңбегін бағалап, олардың жетістіктерін насихаттап келеді. Себебі шәкірт жетістігі – ұстаз еңбегінің жемісі…

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности