+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҰСТАЗ ЕҢБЕГІ – ҰДАЙЫ ҚОРҒАУДА: ОЙЫЛДА КӘСІПОДАҚ ЖҰ…
Новости 27 января 2026

ҰСТАЗ ЕҢБЕГІ – ҰДАЙЫ ҚОРҒАУДА: ОЙЫЛДА КӘСІПОДАҚ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

ҰСТАЗ ЕҢБЕГІ – ҰДАЙЫ ҚОРҒАУДА: ОЙЫЛДА КӘСІПОДАҚ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

ҰСТАЗ ЕҢБЕГІ – ҰДАЙЫ ҚОРҒАУДА: ОЙЫЛДА КӘСІПОДАҚ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының есеп беру жиыны Ойыл ауданында жалғасты. Бүгінгі басқосуға әлеуметтік әріптестер, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен кәсіподақ…

ҰСТАЗ ЕҢБЕГІ – ҰДАЙЫ ҚОРҒАУДА: ОЙЫЛДА КӘСІПОДАҚ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

🔲 Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының есеп беру жиыны Ойыл ауданында жалғасты. Бүгінгі басқосуға әлеуметтік әріптестер, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен кәсіподақ мүшелері жиналды.

🔻Жиында Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Раушан Серікова өткен жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып, білім саласы қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау, еңбек заңнамасының сақталуын бақылау және әлеуметтік әріптестікті дамыту бағытындағы жұмыстарды атап өтті. Сондай-ақ кәсіподақтың басты мақсаты – еңбек адамының мүддесін қорғау, әділ еңбекақы, қауіпсіз еңбек жағдайы мен әлеуметтік кепілдіктердің орындалуын қамтамасыз ету екеніне ерекше назар аударды.

🔹Өз кезегінде Ойыл аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Гүлмира Избағамбетова 2025 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Аталған жылы аудандық кәсіподақ ұйымы білім саласы қызметкерлерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыс жүргізді.

🔸Айта кетейік, аудандық кәсіподақ ұйымы 33 білім беру мекемесін қамтиды. Оның ішінде 13 орта, 7 негізгі, 3 бастауыш мектеп, 7 мектепке дейінгі ұйым, 2 қосымша білім беру ұйымы және аудандық білім бөлімі бар.

📎Кәсіподақ ұйымы аудандық білім бөлімімен әлеуметтік әріптестік аясында жүйелі жұмыс жүргізуде. Осы өзара ынтымақтастықтың нәтижесінде барлық білім беру мекемелерінде 2025–2030 жылдарға арналған ұжымдық шарттар жасалып, олар еңбек инспекциясында заң талаптарына сәйкес тіркелді. Ұжымдық шарттарда қызметкерлердің еңбекақысын төлеу тәртібі, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау шаралары, әлеуметтік кепілдіктер, медициналық тексерулерден өту, сондай-ақ еңбек демалысы мен өтемақылардың уақытылы төленуі қарастырылған.

📑Қоғамдық бақылау мен құқықтық кеңестер нәтижесінде 2024 жылы 2 млн 422 мың теңге, ал 2025 жылдың басында 900 мың теңге көлемінде өтемақылар өндірілді. Кәсіподақ мүшелеріне отын алуға арналған әлеуметтік көмек көлемі 19 660 теңгені құрады.

📜Аудандық ұйым төрағасы Гүлмира Избағамбетова есеп беру барысында ауылдық жерлерде еңбек ететін қызметкерлерге 25 пайыздық үстемеақы, коммуналдық өтемақылар, жүктілік пен бала күтіміне байланысты жеңілдіктердің орындалуы кәсіподақ тарапынан тұрақты бақылауда болғанын атап өтті.

✏️2025 жылы 111 кәсіподақ мүшесі емдеу-сауықтыру орталықтарына жіберіліп, білім қызметкерлері үшін Түркістан, Шымкент, Бурабай, Зеренді және Ташкент, Самарқанд бағыттарында тарихи-танымдық сапарлар ұйымдастырылды. Сондай-ақ жыл ішінде Ұстаздар күні, Республика күні, Кәсіподақтар күні секілді кәсіби мерекелерде сала қызметкерлері марапатталды. «Үздік бастауыш класс мұғалімі», «Үздік психолог», «Үздік кәсіподақ көшбасшысы» сияқты байқаулар ұйымдастырылып, үздік педагогтар марапатталды. «Мектепке жол» акциясы аясында кәсіподақ мүшелерінің балаларына қолдау көрсетілді.

🖋️Қорытындысында Ойыл аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы еңбек адамының мүддесін қорғауды басты міндет етіп, 2025 жылы осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асырғаны айтылды.

🧩Жиын соңында ұстаз еңбегін бағалау және қолдау көрсету мақсатында бірқатар педагогтар марапатталды. Республикалық олимпиадаларда жүлделі орын алып, білім саласының дамуына үлес қосқан педагогтар кәсіподақ ұйымының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарымен марапатталып, ақшалай сертификаттарға ие болды. Сондай-ақ білім беру саласында ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп, жас ұрпақ тәрбиесіне сүбелі үлес қосқан педагогтарға денсаулықтарын нығайтуға арналған шипажайларға жолдамалар табысталды.

Все новости

Читайте также

  • БЕЙНЕУДЕГІ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР
    Новости

    БЕЙНЕУДЕГІ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР

    28.05.2026
  • ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМДАРЫМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ
    Новости

    ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМДАРЫМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ

    27.05.2026
  • КӘСІПОДАҚ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАРЛАР
    Новости

    КӘСІПОДАҚ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАРЛАР

    25.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности