+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҰЛЫТАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Новости территориальных организаций 26 февраля 2026

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Ұлытау облысының білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағында Кеңес отырысы өтті. Кеңес отырысына облыстық Атқару комитетінің мүшелері қатысты. Отырысты облыстық кәсіподақ төрағасы Марат Қоңырбаев ашып…

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ұлытау облысының білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағында Кеңес отырысы өтті. Кеңес отырысына облыстық Атқару комитетінің мүшелері қатысты.

Отырысты облыстық кәсіподақ төрағасы Марат Қоңырбаев ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды. Күн тәртібіне келесі маңызды мәселелер енгізілді:

1️⃣ Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының конституциялық реформаны қолдау жөніндегі Үндеуі туралы.

2️⃣ Жаһандық даму: кәсіподақ қызметін цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту мәселелері туралы.

3️⃣ Облыстық кәсіподақтың 2025 жылы атқарылған жұмыстарының қорытындысы туралы.

4️⃣ 2025 жылғы кәсіподақ мүшелігі және кәсіподақ органдары туралы жиынтық статистикалық есептіліктің қорытындылары туралы.

5️⃣ Педагогтерді жеңілдіктермен және кепілдіктермен қамтамасыз ету бөлігінде «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының ережелерін іске асыру жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы.

Отырыста Кеңес және Атқару комитетінің мүшелері аталған мәселелерді жан-жақты талқылап, кәсіподақ қызметін одан әрі жетілдіру, әлеуметтік әріптестікті нығайту, мүшелердің құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғау бағытында нақты ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасы Сатыбалды Дәлеталиннің және Қарағанды және Ұлытау облыстарының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Болат Жұмабековтің конституциялық реформаны қолдау жөніндегі Үндеуі бейнеролик форматында көрсетілді.

Ұлытау облыстық кәсіподақ қозғалысының белсенділері Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаны қолдайтындықтарын білдіріп, алдағы республикалық референдумға белсенді түрде қатысатындықтарын жеткізді.

Кеңес отырысының қорытындысы бойынша барлық мәселелерге қатысты тиісті қаулылар қабылданып, нақты міндеттер айқындалды. Алдағы кезеңде кәсіподақ жұмысы цифрландыру, құқықтық қорғау тетіктерін күшейту және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында жалғасатын болады.

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
ҰЛЫТАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности