+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҰЛЫЛАР МЕКЕНІНЕ САЯХАТ: «АБАЙДАН АБАЙҒА»
Новости территориальных организаций 10 июня 2026

ҰЛЫЛАР МЕКЕНІНЕ САЯХАТ: «АБАЙДАН АБАЙҒА»

ҰЛЫЛАР МЕКЕНІНЕ САЯХАТ: «АБАЙДАН АБАЙҒА»

ҰЛЫЛАР МЕКЕНІНЕ САЯХАТ: «АБАЙДАН АБАЙҒА» Абай атындағы Шығыс Қазақстан жоғары педагогикалық колледжінде дәстүрге айналған тағылымды шара өтті. Үздік оқитын, халықаралық, республикалық және облыстық олимпиадалардың жеңімпаздары атанған, қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген…

ҰЛЫЛАР МЕКЕНІНЕ САЯХАТ: «АБАЙДАН АБАЙҒА»

Абай атындағы Шығыс Қазақстан жоғары педагогикалық колледжінде дәстүрге айналған тағылымды шара өтті. Үздік оқитын, халықаралық, республикалық және облыстық олимпиадалардың жеңімпаздары атанған, қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген 100-ге жуық студент «Абайдан Абайға» атты автокеруенмен қасиетті Шыңғыстау өңіріне саяхат жасап қайтты.

Бұл сапар жай ғана саяхат емес, тарихпен тілдесіп, ұлылықтың рухын сезінуге мүмкіндік берген тағылымды таным жолы болды.

Саяхат бағыты бірнеше киелі орындарды қамтыды:

✓ Күшікбай асуы – М. Әуезовтің «Қорғансыздың күні» шығармасын еске түсіретін, тарихы мен тағдыры астасқан сырлы мекен.

✓ «Еңлік – Кебек» ескерткіші – мәңгілік махаббаттың символына айналған қос ғашықтың тағдырынан сыр шертетін қасиетті орын.

✓ Бөрілі – қазақ әдебиетінің заңғар тұлғасы Мұхтар Әуезовтің кіндік қаны тамған, балалық шағы өткен, рухани нәр алған алтын бесігі.

✓ Жидебай – ұлы ойшыл, дана ақын Абай Құнанбайұлы мен Шәкәрім Құдайбердіұлы мәңгілік тыныс тапқан қасиетті мекен.

Студенттер тарихи-мәдени орындарды аралап, мұражай жәдігерлерімен танысып, Абай әлемінің терең рухани мұрасынан тағылым алды. Киелі мекенге жасалған бұл сапар студенттердің ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, туған жер тарихына деген сүйіспеншілігін тереңдете түсті.

«Абайдан Абайға» сапары әрбір қатысушының жүрегінде өшпес әсер қалдырып, рухани дүниесін байыта түскені сөзсіз.

«Абайдан Абайға» автокеруенін жоғары деңгейде ұйымдастырылуына қолдау көрсеткен колледж басшылығына және студенттік кәсіподақ ұйымына алғысымызды білдіреміз.

 

Шығыс Қазақстан облысының Абай атындағы ШҚ жоғары педагогикалық колледжі

Все новости

Читайте также

  • САХНАҒА СЕНІМ СЫЙЛАҒАН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    САХНАҒА СЕНІМ СЫЙЛАҒАН ҰСТАЗ

    24.09.2026
  • БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ДӘСТҮРЛІ ІХ ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДАСЫ ӨТТІ
    Новости территориальных организаций

    БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ДӘСТҮРЛІ ІХ ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДАСЫ ӨТТІ

    24.09.2026
  • В ЦЕНТРЕ ВНИМАНИЯ – ПЕДАГОГ
    Новости территориальных организаций

    В ЦЕНТРЕ ВНИМАНИЯ – ПЕДАГОГ

    24.09.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности