+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҰЛЫҚТАҒАН МАЗМҰНДЫ ШАРА
Новости территориальных организаций 17 мая 2026

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҰЛЫҚТАҒАН МАЗМҰНДЫ ШАРА

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҰЛЫҚТАҒАН МАЗМҰНДЫ ШАРА

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҰЛЫҚТАҒАН МАЗМҰНДЫ ШАРА Ақтөбе облысында Ойыл аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай ұлттық тәрбие мен отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған «Шаңырақ fest» зияткерлік квесті өтті…

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҰЛЫҚТАҒАН МАЗМҰНДЫ ШАРА

🌿 Ақтөбе облысында Ойыл аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай ұлттық тәрбие мен отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған «Шаңырақ fest» зияткерлік квесті өтті. Ерекше форматтағы шараға аудандық кәсіподақтың белсенді мүшелері – мектеп мұғалімдері өз отбасыларымен бірге қатысып, білімдері мен тапқырлықтарын, шығармашылық қабілеттерін ортаға салды.

🌸 Шараның салтанатты ашылуында білім бөлімінің міндетін атқарушы Гүлмира Садақбаева мен аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Гүлмира Ізбағамбетова құттықтау сөз сөйлеп, отбасы бірлігі мен ұлттық тәрбиенің қоғамдағы маңызына ерекше тоқталды. Олар мұндай игі бастамалардың ұрпақ тәрбиесінде алар орны зор екенін атап өтті.

✨ Сонымен қатар білім бөлімі жанындағы «Бақытты отбасы» клубының ұйымдастырушылары Сәндігүл Байдуашова мен Махаббат Оразова қатысушыларды квест бағдарламасымен таныстырып, сайыс кезеңдерінің ерекшеліктеріне тоқталды.

👨‍👩‍👧‍👦 Кәсіподақ мүшелерінен құралған отбасылық командалар «Әжелер мектебі», «Әкелер мектебі», «Аналар мектебі» және «Жеңгелер мектебі» атты төрт негізгі бағыт бойынша сынға түсіп, ұлттық салт-дәстүр, отбасы құндылықтары мен ұйымшылдықты дәріптейтін түрлі тапсырмаларды орындады. Қатысушылар әр кезеңде белсенділік танытып, өзара ауызбіршілік пен ынтымақтың үлгісін көрсетті.

🧩 Квесттің қорытынды бөлімінде барлық қатысушылар бірлесе отырып, мозаикадан «Отан – қуат, отбасы – шуақ» атты үлкен баннер құрастырды. Бұл сәт шараның басты идеясы – татулық пен отбасы жылуын айшықтай түсті.

🏆 Сайыс нәтижесінде үздік отбасылық ұжымдар арнайы номинациялармен және аудандық кәсіподақ ұйымының бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Атап айтқанда, «Шаңырақ» тобы – «Ынтымағы жарасқан, берекелі отбасы», «Ынтымақ» тобы – «Бірлігі бекем, ұйымшыл отбасы», «Жалынды жанұя» тобы – «Жігерлілік пен шығармашылықтың жарқын үлгісі», ал «Шамшырақ» тобы – «Тапқырлық пен ұйымшылдық үлгісі» номинацияларын иеленді.

💐 «Шаңырақ fest» зияткерлік квесті – отбасы құндылықтарын ұлықтап, ұлттық тәрбиені дәріптеген тағылымы мол, мазмұнды шара болды.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности