+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Новости территориальных организаций 19 марта 2026

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ ҰЛЫҚТАЛДЫ

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ ҰЛЫҚТАЛДЫ

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ ҰЛЫҚТАЛДЫ Ақтөбенің Шалқар ауданында Наурыз мейрамы қарсаңында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған тағылымды шара өтті. Шалқар аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының жанындағы Жастар кеңесінің бастамасымен «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы»…

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ ҰЛЫҚТАЛДЫ

🔰Ақтөбенің Шалқар ауданында Наурыз мейрамы қарсаңында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған тағылымды шара өтті. Шалқар аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының жанындағы Жастар кеңесінің бастамасымен «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» тақырыбында білім беру қызметкерлері арасында ұлттық ойындар сайысы ұйымдастырылды.

✨Аталған шараның басты мақсаты – ұлттық ойындарды кеңінен насихаттау, педагогтар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру және ұжымдық бірлікті нығайту. Сонымен қатар, сайыс барысында үздік өнер көрсеткен спортшыларды анықтау да көзделді.

📝Сайысқа аудан мектептерінен құралған жас ұстаздар командалары белсене қатысып, өзара бақ сынасты. Қатысушылар қазақтың дәстүрлі ойындары – асық ату, бестас, садақ ату және гир көтеру бойынша шеберліктерін көрсетті. Әрбір кезең жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар өздерінің ептілігі мен күш-жігерін, сондай-ақ ұлттық ойындарға деген қызығушылығын айқын байқатты.

♻️Тартысты өткен бәсеке қорытындысы бойынша жүлделі орындар анықталды. І орынды Ә.Жангелдин атындағы мектеп командасы иеленсе, ІІ орынға №2 мектеп командасы тұрақтады. Ал ІІІ орынды №5 және №6 мектеп командалары өзара бөлісті.

🔳Сайыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер Шалқар аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы тарапынан ақшалай сыйақылармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

🖇️Аталған сайыс ұлттық рухты жаңғыртып, ұстаздар қауымы арасында достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал еткен мазмұнды іс-шара ретінде жоғары бағаланды.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности