+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Новости территориальных организаций 03 июня 2025

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ ҰЛЫҚТАЛДЫ

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ ҰЛЫҚТАЛДЫ

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ ҰЛЫҚТАЛДЫ Ағымдағы жылдың 3 маусым күні Батыс Қазақстан облысы, Орал қалалық №24 жалпы орта білім беретін мектебінде бар ғұмырын бала тәрбиесіне арнап, ұлт болашағын қалыптастырып келе жатқан ұстаздар қауымына арналған «Үлкендер жолы ұлылық, Ұрпағы жүрер ұғынып»…

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Ағымдағы жылдың 3 маусым күні Батыс Қазақстан облысы, Орал қалалық №24 жалпы орта білім беретін мектебінде бар ғұмырын бала тәрбиесіне арнап, ұлт болашағын қалыптастырып келе жатқан ұстаздар қауымына арналған «Үлкендер жолы ұлылық, Ұрпағы жүрер ұғынып» тақырыбында Ұстазды ұлықтау кеші өткізілді.

Сан мыңдаған шәкірт тәрбиелеп, өмір жолы өнеге болған ардагер ұстаз – Ералина Тілектес Байқадамқызына арналған кешке Батыс Қазақстан облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының атынан маман Ә.Қажғалиева, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын Е.Бимұханов, қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ә.Қайыржанова және білім саласының жетекшілері мен ардақты қонақтар қатысты.

Кеш шымылдығы жүргізушілердің жылы лебіздерімен ашылып, мектеп директоры Г.Сатыбаева құттықтау сөз сөйледі. Одан кейін «Мың алғыс саған ұстазым» әні орындалды.

Шараның ең маңызды бөлігі – ардагер ұстаз Тілектес Байқадамқызымен өткізілген сұқбат болды. Жүргізуші ұстаздың еңбек жолы, алғашқы жұмыс кезеңдері, жеке өмірі мен мамандықтың әсері, шәкірттері, қиындықтар мен жетістіктер туралы сұрақтар қойып, көпшілікке мол тағылым боларлық әңгіме өрбіді. Ұстаз өз кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, жас мұғалімдерге жүрекжарды кеңестерін айтты.

Кеш барысында ардагер ұстаздың әріптестері мен шәкірттері дайындаған бейнежолдаулар экраннан көрсетіліп, ұстаздың адамгершілік болмысы мен шәкірт тәрбиелеудегі ерен еңбегі кеңінен насихатталды. Осы жүрекке жылы көріністерден кейін құттықтау сөздер кезеңі жалғасын тапты.

Батыс Қазақстан облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы М.Даупаевтың құттықтауын Ә.Қажгалиева жеткізіп, ардагер ұстазға «Сарыағаш» шипажайына тегін жолдама сертификаты мен гүл шоқтарын табыстады.

Одан кейін сөз алған қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ә.Қайыржанова өзінің жүрекжарды тілегін арнап, ұстаздың білім саласындағы ұзақ жылғы еңбегін ерекше атап өтіп, Білім басқармасының Құрмет грамотасын салтанатты түрде табыс етті.

Кеш мазмұнын тереңдете түскен сәттердің бірі – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Е.Бимұхановтың ардагер ұстазға арнаған өлеңін тебірене оқып, өзінің жылы естеліктерін еске алуы болды. Бұл әсерлі сәт көрермендердің жүрегін елжіретіп, ұстазға деген ерекше құрметтің белгісіне айналды.

Концерттік бағдарламада ұлттық би, көркемсөз, ән өнері көрерменге тарту етіліп, ұстаздарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Кеш соңында Тлектес Байқадамқызы өз тілегін айтып, қонақкәде ретінде ән шырқап, көрермен ықыласына бөленді.

Бұл кеш ұстаздар қауымына деген құрмет пен алғыс сезімінің шынайы көрінісі болды. Мұндай шаралар өскелең ұрпақтың жүрегіне ұстаздың қадірін сіңіріп, олардың еңбегін бағалауға тәрбиелейді.

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ ҰЛЫҚТАЛДЫ
ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ ҰЛЫҚТАЛДЫ
ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ ҰЛЫҚТАЛДЫ
1 / 3
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности