+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ
Новости территориальных организаций 24 июня 2026

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ Ұстаздық – үлкен жауапкершілік пен шынайы жанашырлықты талап ететін қасиетті мамандық. Осы абыройлы жолда ұзақ жылдар бойы табанды еңбек етіп, талай шәкірттің жүрегіне білім мен ізгіліктің дәнін сепкен ардақты ұстаздардың бірі – Меңліқұл Гүлбахрам Орынбайқызы…

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ

Ұстаздық – үлкен жауапкершілік пен шынайы жанашырлықты талап ететін қасиетті мамандық. Осы абыройлы жолда ұзақ жылдар бойы табанды еңбек етіп, талай шәкірттің жүрегіне білім мен ізгіліктің дәнін сепкен ардақты ұстаздардың бірі – Меңліқұл Гүлбахрам Орынбайқызы.

Гүлбахрам Орынбайқызы еңбек жолын жас ұрпақ тәрбиелеуге арнап, ұзақ жылдар бойы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінде бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарды. Ұстаздық жолында ол мыңдаған баланың сауатын ашып, олардың өмірге деген көзқарасының қалыптасуына, білімге деген сүйіспеншілігінің оянуына зор үлес қосты.

Бастауыш сынып баланың болашаққа қадам басар алғашқы баспалдағы десек, осы жауапты кезеңде Гүлбахрам Орынбайқызы әр шәкіртінің бойындағы қабілетті байқап, оны дамытуға ерекше көңіл бөлді. Ол оқушыларға тек әріп танытып, білім үйретіп қана қоймай, адалдық, еңбекқорлық, үлкенді құрметтеу секілді адамгершілік құндылықтарды да бойларына сіңіре білді. Сондықтан да оның тәрбиесін көрген шәкірттер ұстаздарын әрдайым құрметпен еске алады.

Әріптестері арасында сабырлылығымен, қарапайымдылығымен және кәсіби шеберлігімен танылған Гүлбахрам Орынбайқызы мектеп ұжымының сыйлы мүшесіне айналды. Ол жас мамандарға ақыл-кеңесін айтып, ұстаздық жолдың қыр-сырын үйретуден ешқашан жалыққан емес. Өзінің мол тәжірибесімен бөлісіп, кейінгі буын педагогтарының қалыптасуына да үлес қосты.

Ұзақ жылғы адал еңбегінің нәтижесінде ол білім саласының дамуына елеулі үлес қосқан ардагер ұстаз ретінде құрметке ие болды. Бүгінде оның тәлімін алған шәкірттері еліміздің әр саласында еңбек етіп, қоғамның дамуына өз үлестерін қосып жүр.

Гүлбахрам Орынбайқызы еңбекқорлықты, адамгершілікті және қарапайымдылықты өмірлік ұстанымына айналдырған жан. Оның өнегелі өмір жолы, шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегі мен ұстаздыққа деген адалдығы кейінгі ұрпақ үшін әрдайым үлгі болып қала бермек.

 

Жамбыл облыстық ұйымы.

Все новости

Читайте также

  • ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

    06.08.2026
  • АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ
    Новости территориальных организаций

    АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ

    06.08.2026
  • ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ
    Новости территориальных организаций

    ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ

    05.08.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности