+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ
Новости территориальных организаций 19 апреля 2026

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ Қоғамның дамуы – білімді ұрпақтың қолында. Ал сол ұрпақты тәрбиелеп, білім нәрімен сусындататын ұстаздардың еңбегі орасан зор. Осындай жүрегі кең, еңбегі ерен жандардың бірі – Май орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, әлеуметтік педагог…

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ

Қоғамның дамуы – білімді ұрпақтың қолында. Ал сол ұрпақты тәрбиелеп, білім нәрімен сусындататын ұстаздардың еңбегі орасан зор. Осындай жүрегі кең, еңбегі ерен жандардың бірі – Май орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, әлеуметтік педагог Темирбулатова Асель Аманжоловна.

Асель Аманжоловна – өз ісіне адал, әр оқушының жүрегіне жол таба білетін білікті маман. Ол тек білім беріп қана қоймай, шәкірттерін адамгершілікке, жауапкершілікке, елін сүюге тәрбиелеп келеді. Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын арттырып, қазақ тілінің байлығын, әдебиеттің тереңдігін сезіндіре біледі.

            Әлеуметтік педагог ретінде де оның еңбегі ерекше. Асель Аманжоловна оқушылардың әлеуметтік жағдайына бейжай қарамай, олардың құқықтарын қорғап, қиын жағдайға тап болған балаларға қолдау көрсетеді. Ол ата-анамен, мектеп ұжымымен тығыз байланыс орнатып, әр баланың толыққанды дамуына жағдай жасайды.

Сонымен қатар Асель Аманжоловна кәсіподақ жұмысына да белсенді қатысуда.

            Ұстаздың басты ерекшелігі – мейірімділік пен талапшылдықты қатар ұштастыра білуінде. Асель Аманжоловна – тек әріптестері үшін ғана емес, жас ұстаздар мен оқушылар үшін де үлгі тұтар тұлға. Оның қажырлы еңбегі, кәсібіне деген сүйіспеншілігі – нағыз ұстазға тән қасиеттердің айқын көрінісі.

Осындай абзал жандардың еңбегі әрдайым бағаланып, құрметке ие бола берсін!

 

Ақжар ауданы

Солтүстік Қазақстан облысы

 

 

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности