📌Кентау қаласы, Байылдыр ауылы «Балдәурен» бөбекжай-бақшасы бастауыш кәсіподақ ұйымының 2025–2026 оқу жылындағы жұмысы – еңбек ұжымының бірлігі мен өзара қолдауының нақты көрінісі.

🔰 Бастауыш ұйым төрайымы Айгүл Тәжібаеваның ұйымдастыруымен кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау, қолдау көрсету, ұжымдық ынтымақтастықты нығайту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылды.

🌿 Қуатты кәсіподақ бастауыш ұйымынан басталады. Ал бастауыш ұйымның күші – бірлік пен сенімде! Біз бірге болғанда еңбек адамының үні де, құқығы да, қолдауы да берік!


--
Түркістан облыстық ұйымы