+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › УАҚЫТ ӨЗГЕРІСІНЕ ІЛЕСКЕН КӘСІПОДАҚ КЕЛБЕТІ
Новости территориальных организаций 05 ноября 2025

УАҚЫТ ӨЗГЕРІСІНЕ ІЛЕСКЕН КӘСІПОДАҚ КЕЛБЕТІ

УАҚЫТ ӨЗГЕРІСІНЕ ІЛЕСКЕН КӘСІПОДАҚ КЕЛБЕТІ

УАҚЫТ ӨЗГЕРІСІНЕ ІЛЕСКЕН КӘСІПОДАҚ КЕЛБЕТІ Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының өмірінде терең із қалдырған ерекше оқиға болды. Лицейдің кәсіподақ ұйымының…

УАҚЫТ ӨЗГЕРІСІНЕ ІЛЕСКЕН КӘСІПОДАҚ КЕЛБЕТІ

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының өмірінде терең із қалдырған ерекше оқиға болды. Лицейдің кәсіподақ ұйымының көшбасшысы әрі қалалық білім беру қызметкерлері кәсіподағы жастар Кеңесінің төрағасы Қуаныш Бақытжанұлының ұйымдастыруымен лицейдің шығармашыл ұжымы «Жасанды интеллект – кәсіподақ қызметіндегі тиімді құрал» атты жастар кеңесінің отырысын өткізді.

Жастар кеңесінің отырысы қызу пікірталас алаңына айналды. Бір қарағанда, жасанды интеллект пен кәсіподақ жұмысы екі бөлек дүниедей көрінуі мүмкін. Алайда жастар Кеңесінің ұйымдастырушылары іс-шара барысында, нақтырақ айтқанда, шеберлік-сыныпта ұжымдық шартпен жұмыс істеу мысалы арқылы жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін ашып көрсете білді. Жастар кеңесінің мүшелері қоғам өміріндегі жаңа құбылыстың қаншалықты пайдалы екеніне көз жеткізді. Олар жасанды интеллектінің көмегімен кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктеріне қатысты сауалдарына жылдам жауап алуға болатынын түсінді.

Іс-шараға қатысушылар кәсіподаққа толықтай мүше болған педагогикалық ұжымның шығармашылық жұмыстарымен де танысты. Мектеп мұражайына саяхат, қатысушыларға арналған музыкалық сәлемдемелер көңілге шаттық ұялатты. Шығармашылық серпіліс үшін лицейдің педагог-психологтары ұжымдық жұмыста логика мен үйлесімділікті арттыруға бағытталған тренингтер өткізді.

Кеңес отырысының соңында Өскемен қалалық білім беру қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы А.А.Кузнецов лицей директоры Ж.К.Назарбаеваға, жастар Кеңесінің төрағасы Қуаныш Бақытжанұлына, педагог-психологтар Ж.Е.Ерімбекова мен З.Р.Есенжароваға алғысын білдірді.

Бұл шара кәсіподақ ұйымы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, оның заманауи талаптарға сай дамуына ықпал ететін маңызды қадам болды.

 

Шығыс Қазақстан облыстық ұйымы

УАҚЫТ ӨЗГЕРІСІНЕ ІЛЕСКЕН КӘСІПОДАҚ КЕЛБЕТІ
УАҚЫТ ӨЗГЕРІСІНЕ ІЛЕСКЕН КӘСІПОДАҚ КЕЛБЕТІ
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности