+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПОДАҚТАР КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТА…
Новости территориальных организаций 09 октября 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПОДАҚТАР КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПОДАҚТАР КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПОДАҚТАР КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ 10 қазан – Кәсіподақтар күніне орай Түркістан облысы білім басқармасы мен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымы бірлесіп салтанатты жиын өткізді. Іс-шараға…

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПОДАҚТАР КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

⚜️10 қазан – Кәсіподақтар күніне орай Түркістан облысы білім басқармасы мен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымы бірлесіп салтанатты жиын өткізді.

⚜️Іс-шараға Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Қасымбекова Айгүл Ералиқызы және Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдулла қатысып, облыстағы бірқатар білім беру ұйымдарының басшыларымен және бастауыш ұйымдарының кәсіподақ төрағаларын кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтады.

⚜️Айгүл Ералиқызы өз сөзінде кәсіподақ ұйымдарының қоғамдағы және білім беру саласындағы маңызды рөлін айта келе, ұстаздар мен еңбеккерлердің құқықтарын қорғау, әлеуметтік қолдау көрсету, ынтымақ пен әріптестікті нығайту бағытында атқарылып жатқан игі істерге ерекше тоқталды. Сондай-ақ, әлеуметтік серіктестікті дамыту ісінде белсенді еңбек еткен азаматтарға «Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісін табыстады.

⚜️Өз кезегінде Жандос Шайдулла еңбек адамының абыройын арттыру, ұжымдық бірлікті нығайту және кәсіподақ қозғалысын дамыту – кәсіподақтың басты міндеті екенін атап өтті. Ол сондай-ақ саланың дамуына зор үлес қосып жүрген әріптестерге алғысын білдіріп, кәсіподақ жұмысына белсене араласқан үздік ұйым жетекшілеріне «Түркістан облысы кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерін және Құрмет грамоталарын табыс етті.

⚜️Марапат иелерінің қатарында Түркістан облыстық ұйымы Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Майлыбаев Ерменбай Қасымұлы мен Шардара аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Нұрымбет Жалғас мырза да бар. Олардың кәсіподақ қозғалысын дамыту мен мүшелердің әлеуметтік мүдделерін қорғаудағы белсенді еңбегі лайықты бағаланды.

⚜️Марапат иелері көрсетілген құрмет пен сенімге ризашылықтарын білдіріп, кәсіподақ қозғалысының одан әрі өркендеуіне өз үлестерін қоса беретіндерін атап өтті.

⚜️Іс-шара жылы әрі рухани көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, қатысушылар кәсіподақ ұйымдарының бірлігі мен еңбектің қадірін дәріптеу бағытында пікір алмасып, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности