+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › TURKICSKILLS – 2025 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ
Новости территориальных организаций 09 октября 2025

TURKICSKILLS – 2025 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ

TURKICSKILLS – 2025 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ

TURKICSKILLS – 2025 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ Ақтау қаласында өткен TurkicSkills –2025 халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатының алаңына WorldSkills International ұйымының стратегиялық даму жөніндегі Кеңесінің мүшесі Рэй Инглиш (Ray English) келді. Еске сала кетейік, чемпионат…

TURKICSKILLS – 2025 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ

Ақтау қаласында өткен TurkicSkills –2025 халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатының алаңына WorldSkills International ұйымының стратегиялық даму жөніндегі Кеңесінің мүшесі Рэй Инглиш (Ray English) келді. Еске сала кетейік, чемпионат Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өтті. Қазақстанның бастамасымен ұйымдастырылған бұл бірегей шара түркітілдес елдердің кәсіби шебер жастарын біріктіреді. Айта кету керек, алғашқы түркітілдес елдердің чемпионатының өтуіне WorldSkills International халықаралық қозғалысының тарапынан қолдау көрсетілді.

​

Рэй Инглиш байқау алаңдарымен танысып, қатысушылармен, сарапшылармен әңгімелесті. Ол чемпионаттың ұйымдастырылу деңгейін және жас мамандардың кәсіби шеберлігін жоғары бағалап, Қазақстанның WorldSkills қозғалысын дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті.

​ «Мен қатысушылардың ынта-жігерінен ерекше әсер алдым және чемпионаттың түрлі елдердің болашақтың кәсіби дағдыларын дамыту мақсатында біріккеніне тәнті болдым», — деп атап өтті Рэй Инглиш.

​ WorldSkills International өкілінің келуі қатысушылар мен ұйымдастырушылар үшін маңызды болды. Бұл TurkicSkills 2025 чемпионатының халықаралық деңгейде мойындалғанын және оның тәжірибе мен инновациялар, мәдени өзара ықпалдастық алаңына айналғанын көрсетеді.

​

Чемпионат цифрлық технологиялардан бастап қолданбалы жұмысшы мамандықтарға дейінгі 10 құзыреттілікті қамтиды.

​

Чемпионатты ұйымдастырушылар — Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен Маңғыстау облысының әкімдігі. Іс-шара операторы — Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

Ақтау қаласында алғаш рет ұйымдастырылған «TurkicSkills-2025» І Халықаралық кәсіби шеберлік чемпионаты жоғары деңгейде өтіп, өз мәресіне жетті.

Чемпионатқа түркі әлемінің алты елі-Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Мажарстаннан (Венгрия) келген 43 қатысушы 10 түрлі құзыреттілік бойынша бақ сынап, өз елдерінің намысын қорғады.

​

Бес күн бойы өткен тартысты додада қатысушылар кәсіби шеберліктерін, техникалық білімдерін және заманауи технологияларды меңгеру деңгейін көрсетті.

Нәтижесінде үздік деп танылған мамандар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімдері де аталды. Айтулы шараның салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, чемпионат нәтижесінде еліміздің атынан қатысқан ең үздік деп танылған колледжге Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы ұйымы атынан 1 000 000 (бір миллион) теңге көлемінде сыйақы табысталатынын төраға Айгүл Мақсатқызы Мұқашева мәлімдеген болатынмын.

Чемпионаттың жабылу салтанатында бұл мәртебелі сыйақы иегері болып Маңғыстау туризм колледжі танылды. Марапаттау рәсімінде “Аспаз ісі” құзыреттілігі бойынша жеңімпаз Маңғыстау туризм колледжінің студенті Амантай Алтынбекке Салалық кәсіподақ атынан Маңғыстау облыстық ұйымының маманы А.Аманиязова сертификат тапсырды.

Бұл жетістік – Маңғыстау туризм колледжінің және ұжым еңбегінің айқын дәлелі болып табылады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жарияланған «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында бұл жеңіс техникалық және кәсіптік білім беру саласын дамытуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Маңғыстау туризм колледжі студентінің жарқын жетістігі колледждің халықаралық және өңірдегі білім беру сапасының жоғары деңгейін, инновациялық әдістемелердің тиімділігін және жастардың кәсіби әлеуетін арттырудағы нақты нәтижелерді айқын көрсетеді.

Алдағы уақытта да колледж ұжымы заманауи талаптарға сай білікті, еңбекқор және жауапты мамандар даярлау ісінде табысты бола беретініне сенім білдіреміз.

ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ҚАДІРЛІ ӘРІПТЕСТЕР!

 

Маңғыстау облыстық ұйымы

TURKICSKILLS – 2025 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ
TURKICSKILLS – 2025 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности