+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ТИМБИЛДИНГ САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНА…
Новости территориальных организаций 21 апреля 2025

ТИМБИЛДИНГ САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛДЫ

ТИМБИЛДИНГ САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛДЫ

ТИМБИЛДИНГ САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛДЫ Ақтөбе облысының Қобда аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының жанынан құрылған Жастар кеңесі Салалық кәсіподақтың 100 жылдығы аясында ерекше форматтағы Zhastar Camp тимбилдингін ұйымдастырды. Шара Қарғалы ауданындағы…

ТИМБИЛДИНГ САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛДЫ

🔻Ақтөбе облысының Қобда аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының жанынан құрылған Жастар кеңесі Салалық кәсіподақтың 100 жылдығы аясында ерекше форматтағы Zhastar Camp тимбилдингін ұйымдастырды. Шара Қарғалы ауданындағы Қасқыр сарқырамасының көркем табиғат аясында өтті.

▫️Zhastar Camp – бұл жас буынның әлеуетін танып, олардың азаматтық белсенділігі мен шығармашылығын арттыратын тиімді алаң. Zhastar Camp барысында жастар топпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдірді. Аталған тимбилдинг – жастарға арналған жарқын әрі мазмұнды алаңға айналды. Табиғатпен үндескен ортада өткен бұл шара қатысушылардың жаңа қоғам құрудағы жауапкершілікті сезініп, командалық шешім қабылдаудың маңызын түсінулеріне сеп болды.

🖇️Кәсіподақ жастарының ұйымдастыруымен өткен тимбилдинг шарасы барысында жастар белсенділік танытып, түрлі қызықты эстафеталық ойындар өткізді. Командалық рухты арттырып, ұйымшылдықты нығайтуды мақсат еткен бұл ойындар қатысушылардың көңілін көтеріп қана қоймай, олардың бір-біріне деген сенімі мен қолдауын арттырды. Эстафеталық ойындар барысында жастар шапшаңдық пен тапқырлықты талап ететін түрлі тапсырмаларды орындап, өзара жарысты.

⚜️Жүз жылдық тарихы бар кәсіподақ қозғалысының жалғастырушысы ретінде жас ұрпақтың белсенділігі мен бірлігі осы шарада айқын көрініс тапты. Салалық кәсіподақтың ғасырлық мерейтойы аясында жастардың осындай белсенді жобаларға атсалысуы – ұйымның болашағы берік екенін дәлелдейді.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности