+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ТӘЖІРИБЕСІМЕН ТАНЫЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ ҰСТАЗ
Новости территориальных организаций 28 июля 2026

ТӘЖІРИБЕСІМЕН ТАНЫЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ ҰСТАЗ

ТӘЖІРИБЕСІМЕН ТАНЫЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ ҰСТАЗ

ТӘЖІРИБЕСІМЕН ТАНЫЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ ҰСТАЗ Ахша Амантай Төлеңгітұлы – өз ісіне адал, әскери-патриоттық тәрбиені жас ұрпақтың бойына сіңіріп жүрген тәжірибелі педагог. Еңбек жолын Бірлік ауылындағы №102 орта мектепте дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. 2011 жылдан бері…

ТӘЖІРИБЕСІМЕН ТАНЫЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ ҰСТАЗ

Ахша Амантай Төлеңгітұлы – өз ісіне адал, әскери-патриоттық тәрбиені жас ұрпақтың бойына сіңіріп жүрген тәжірибелі педагог.

Еңбек жолын Бірлік ауылындағы №102 орта мектепте дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. 2011 жылдан бері Қазалы ауданы, Аранды ауылындағы №97 орта мектепте алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі қызметін абыроймен атқарып келеді. Жалпы педагогикалық еңбек өтілі – 16 жыл. Біліктілік санаты – педагог-зерттеуші.

Амантай Төлеңгітұлы шәкірттеріне сапалы білім берумен қатар, оларды елін, жерін сүйетін, Отанын құрметтейтін нағыз патриот азамат етіп тәрбиелеуді басты міндеті санайды. Оның жетекшілігімен оқушылар аудандық, облыстық және республикалық әскери-патриоттық жарыстарда тұрақты түрде жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Шәкірттерінің бірқатары Шоқан Уәлиханов атындағы әскери оқу орнын тәмамдап, бүгінде Қазақстан Қарулы Күштері қатарында абыройлы қызмет атқаруда.

Педагогтың өзі де кәсіби шеберлігімен көпшілікке танылған. Ол мұғалімдер арасында ұйымдастырылған «Үздік алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі» байқауының аудандық және облыстық кезеңдерінің жеңімпазы атанса, «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының аудандық, облыстық және республикалық кезеңдерінің жүлдегері болды.

Қазіргі таңда аудандық және облыстық әдістемелік кабинеттер ұйымдастыратын байқаулардың әділқазылар алқасының мүшесі ретінде тәжірибесімен бөлісіп, жас мамандарға әдістемелік қолдау көрсетіп келеді.

Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, жауапкершілігі мол ұстаз оқу үдерісіне заманауи әдіс-тәсілдер мен инновациялық технологияларды тиімді енгізіп, үнемі шығармашылық ізденіс үстінде еңбек етеді. Ол шәкірттерінің бойындағы патриоттық рухты, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру жолында аянбай еңбек етіп, білім беру саласының дамуына өзіндік үлесін қосып келеді.

Өз ісіне деген адалдығы, кәсіби біліктілігі мен ізденімпаздығы арқылы Ахша Амантай Төлеңгітұлы әріптестерінің құрметіне бөленіп, шәкірттеріне үлгі болып жүрген білікті ұстаз.

 

Қызылорда облыстық ұйымы

Все новости

Читайте также

  • ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

    06.08.2026
  • АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ
    Новости территориальных организаций

    АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ

    06.08.2026
  • ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ
    Новости территориальных организаций

    ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ

    05.08.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности