+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ТӘЖІРИБЕЛІ ҰСТАЗ – ТАҒЫЛЫМДЫ ТҰЛҒА
Новости территориальных организаций 16 апреля 2026

ТӘЖІРИБЕЛІ ҰСТАЗ – ТАҒЫЛЫМДЫ ТҰЛҒА

ТӘЖІРИБЕЛІ ҰСТАЗ – ТАҒЫЛЫМДЫ ТҰЛҒА

ТӘЖІРИБЕЛІ ҰСТАЗ – ТАҒЫЛЫМДЫ ТҰЛҒА Ұстаз – ұлт болашағын тәрбиелейтін маңызды мамандық иесі. Осындай жауапты жолды саналы түрде таңдап, өмірін білім мен тәрбиеге арнаған ұстаздардың бірі Тараз қаласындағы Д.Карбышев атындағы №16 орта мектептің тәжірибелі педагогі – Джолдасова…

ТӘЖІРИБЕЛІ ҰСТАЗ – ТАҒЫЛЫМДЫ ТҰЛҒА

✔️Ұстаз – ұлт болашағын тәрбиелейтін маңызды мамандық иесі. Осындай жауапты жолды саналы түрде таңдап, өмірін білім мен тәрбиеге арнаған ұстаздардың бірі Тараз қаласындағы Д.Карбышев атындағы №16 орта мектептің тәжірибелі педагогі – Джолдасова Джамбулкул Аширхановна. Оның білім беру саласындағы еңбек өтілі – 37 жыл. Соның 23 жылын осы мектепте өткізген.

🔳Джамбулкул Аширхановна еңбек жолын 1988 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы М.Лермонтов атындағы мектепте химия пәнінің мұғалімі болып бастаған. Кейін Алматы облысы Жамбыл ауданында балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істеп, одан соң Ақсеңгір орта мектебінде химия-биология пәнінен сабақ беріп, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2003 жылдан бастап Тараз қаласындағы №16 мектепте қызметін жалғастырып келеді. Әуелі тәрбие ісі жөніндегі орынбасар болса, кейін оқу ісі, ал қазіргі таңда ғылыми-әдістемелік жұмысқа жетекшілік етуде. Бұл қызметінде ұстаздардың кәсіби дамуына жағдай жасап, білім сапасын арттыруға бағытталған жұмыстарды үйлестіреді.

◽️Джамбулкул Аширхановна – өз ісінің шебері, педагог-зерттеуші. Химия пәнін оқытуда теория мен тәжірибені ұштастырып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруға ерекше көңіл бөледі. Оның ізденісі мен жаңашылдығы әріптестері арасында да жоғары бағаланады. Ұжымда оны талапшыл, әділ әрі сенімді маман ретінде құрметтейді.

🖇️Ұстаздың ұзақ жылғы еңбегі лайықты бағасын да алған. 2024 жылы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі тарапынан Құрмет грамотасымен марапатталған. Сонымен қатар түрлі деңгейдегі байқауларда жүлделі орындарға ие болған. Көп жылдық тәжірибесінің арқасында ол тек білім беріп қана қоймай, жас мамандарға бағыт-бағдар көрсетіп, тәжірибесімен бөлісіп келеді. Әріптестері үшін ақылшы, оқушылар үшін үлгі бола білген ұстаздың еңбегі әрдайым құрметке лайық.

📃Ол тек білікті ұстаз ғана емес, сонымен қатар өнегелі ана, ардақты әже. Екі ұл тәрбиелеп өсірген, бүгінде немерелерінің қызығын көріп отырған жан. Отбасындағы жылылық пен жұмыстағы жауапкершілікті қатар алып жүрген азамат.

Жамбыл облыстық ұйымы.

ТӘЖІРИБЕЛІ ҰСТАЗ – ТАҒЫЛЫМДЫ ТҰЛҒА
ТӘЖІРИБЕЛІ ҰСТАЗ – ТАҒЫЛЫМДЫ ТҰЛҒА
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности