+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ТӘЖІРИБЕЛІ ҰСТАЗ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
Новости территориальных организаций 25 января 2026

ТӘЖІРИБЕЛІ ҰСТАЗ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

ТӘЖІРИБЕЛІ ҰСТАЗ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

ТӘЖІРИБЕЛІ ҰСТАЗ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ Биғожина Ләззат Иртышқызы Қарағанды облысы, Шет ауданындағы Жамбыл Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясында 36 жылдан бері математика пәнінен сабақ береді. Ұзақ жылдар бойғы жемісті еңбегі мен кәсіби шеберлігі ұстазды өз ісінің нағыз маманы…

ТӘЖІРИБЕЛІ ҰСТАЗ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

Биғожина Ләззат Иртышқызы Қарағанды облысы, Шет ауданындағы Жамбыл Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясында 36 жылдан бері математика пәнінен сабақ береді. Ұзақ жылдар бойғы жемісті еңбегі мен кәсіби шеберлігі ұстазды өз ісінің нағыз маманы ретінде танытады.

Ләззат Иртышқызы – заманауи білім беру талаптарына сай, оқыту үдерісіне жаңашылдық пен зерттеушілік бағытты енгізіп жүрген тәжірибелі педагог. Ол оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға, математикалық сауаттылығын арттыруға және пәнге деген қызығушылығын қалыптастыруға ерекше мән береді. Ұстаздың сабағында цифрлық технологиялар, зерттеуге бағытталған тапсырмалар мен шығармашылық әдістер кеңінен қолданылады.

Көп жылғы еңбегі мен кәсіби жетістіктері жоғары деңгейде бағаланып, ол бірқатар марапаттар мен төсбелгілерге ие болды. Атап айтқанда, 2016 жылы Шет ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен және Қарағанды облысының білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды. 2017 Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасына ие болса, 2021 жылы «Орта білім беру ісінің үздігі» Құрмет дипломымен және «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен наградталды.

Ұстаздың кәсіби жетістіктері республикалық және облыстық деңгейдегі байқаулар мен ғылыми-әдістемелік іс-шараларда айқын көрініс табады. Ол «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық конкурсының өңірлік кезеңінде І дәрежелі дипломды (2020 ж.) жеңіп алды. 2021 жылы математика, физика және информатика пәндері мұғалімдерінің ашық республикалық шығармашылық байқауының облыстық кезеңінде ІІІ дәрежелі диплом иеленді. Сонымен қатар, «Комбинаторика және теория вероятностей» облыстық математикалық марафонында (2022 ж.) ІІІ дәрежелі дипломға ие болды. 2023 жылы «Болашақтың білімі: тенденциялар…» тақырыбындағы облыстық ғылыми-практикалық конференцияда «Digital matematika» тақырыбында мақаласы жарияланды. 2024 жылы «Педстарт» республикалық қашықтық олимпиадасында І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Ләззат Иртышқызының еңбегінің басты нәтижесі – шәкірттерінің жоғары жетістіктері. Оның жетекшілігімен оқушылар XIV және XV Президенттік олимпиадалардың аймақтық кезеңдерінде ІІІ дәрежелі дипломдарға (2021, 2022 жж.) ие болды. 2022 жылы Б. Амалбеков атындағы облыстық олимпиадада (8-сынып) жүлделі ІІІ орынға қол жеткізді. Ал «Алтын түлек» республикалық математикалық олимпиадасында оқушылары бірнеше жыл қатарынан жүлделі орындар алып, 2023–2024 жылдары І және ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. 2024 жылы ZERDELI ONLINE «Алтын асық» олимпиадасында да жүлделі ІІІ орын иеленді.

Биғожина Ләззат Иртышқызы – кәсіби шеберлігі мен жаңашылдығы үйлесім тапқан, шәкірт тәрбиелеуде зор үлес қосып келе жатқан, еңбегімен құрметке бөленген білікті ұстаз, үлгі тұтарлық тұлға.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности