+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ТӘЖІРИБЕЛІ ҰСТАЗ
Новости территориальных организаций 09 июля 2025

ТӘЖІРИБЕЛІ ҰСТАЗ

ТӘЖІРИБЕЛІ ҰСТАЗ

ТӘЖІРИБЕЛІ ҰСТАЗ Өз мамандығын жүрек қалауымен таңдап, оның қиындықтарына мойымай, шалғай ауыл мектебінде табанды еңбек етіп жүрген жандардың бірі – Ойыл ауданындағы Көсембай негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Аққошқаров Ерсайын Құрылысұлы. Ерсайын Аққошқаров 1964 жылы…

ТӘЖІРИБЕЛІ ҰСТАЗ

✅Өз мамандығын жүрек қалауымен таңдап, оның қиындықтарына мойымай, шалғай ауыл мектебінде табанды еңбек етіп жүрген жандардың бірі – Ойыл ауданындағы Көсембай негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Аққошқаров Ерсайын Құрылысұлы.

✔️Ерсайын Аққошқаров 1964 жылы Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ақжар ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Ақтөбе педагогикалық училищесін тәмамдаған соң, ауыл мектебінде үздіксіз еңбек етіп келеді. 40 жылға жуық педагогикалық тәжірибесі бар ұстаз жас ұрпақты тәрбиелеуге бүкіл өмірін арнаған.

☑️Ерсайын Құрылысұлы әдістемелік жұмысқа да белсенді араласып, 5 әдістемелік құрал мен 7 электронды орта дайындап, облыс және республика көлемінде тәжірибе таратты. 2024 жылы «4-сыныптың қазақ тілі сабақтарын геймификация әдісімен оқыту» тақырыбындағы авторлық жұмысы республикалық байқауда І дәрежелі дипломға ие болды.

🔆Ұстаз еңбегі лайықты бағаланып, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамоталары және Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар, «Ақтөбе облысының құрметті ұстазы», «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі, «Ойыл ауданының жыл адамы» сынды марапаттарға ие болды.

♻️Оның шәкірттері облыстық, республикалық, халықаралық зияткерлік сайыстарда жүлделі орындарға ие болып жүр. Сабақтарында заманауи және интерактивті әдістерді тиімді қолданып, оқушылармен тығыз байланыс орнатады. Цифрлық платформаларды меңгеріп, білім беру үдерісін заманауи деңгейге көтеріп жүр.

🔘2023–2025 жылдары облыстық және республикалық деңгейдегі шеберлік сағаттар өткізіп, өз тәжірибесін әріптестерімен бөлісті. Атап айтқанда, авторлық бағдарлама жазу, цифрлық тапсырмалар дайындау, пәнге қызығушылықты арттыру жолдары, жасанды интеллектті қолдану тақырыптарында шеберлік сыныптар ұйымдастырды.

▪️Аққошқаров Ерсайын Құрылысұлы – білімі мен білігі үйлескен, қажырлы еңбегімен өзгелерге үлгі бола білген шынайы еңбек адамы.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности