+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ТӘЖІРИБЕ МЕН ДОСТЫҚ АЛАҢЫ
Новости территориальных организаций 05 мая 2026

ТӘЖІРИБЕ МЕН ДОСТЫҚ АЛАҢЫ

ТӘЖІРИБЕ МЕН ДОСТЫҚ АЛАҢЫ

ТӘЖІРИБЕ МЕН ДОСТЫҚ АЛАҢЫ Білім беру саласындағы жас мамандарды қолдау, олардың кәсіби дамуына серпін беру және өзара тәжірибе алмасуын ұйымдастыру – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі. Осы мақсатта Ақтөбенің Ойыл және Қарғалы аудандарының білім қызметкерлері…

ТӘЖІРИБЕ МЕН ДОСТЫҚ АЛАҢЫ

🖇️Білім беру саласындағы жас мамандарды қолдау, олардың кәсіби дамуына серпін беру және өзара тәжірибе алмасуын ұйымдастыру – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі. Осы мақсатта Ақтөбенің Ойыл және Қарғалы аудандарының білім қызметкерлері кәсіподағының жанынан құрылған Жастар кеңесінің бастамасымен «Team Up: Кәсіподақ жастары және жаңа мүмкіндіктер» атты жастар слеті ұйымдастырылды.

🌿 Аталған шара Қарғалы ауданындағы Қасқыр сарқырамасы демалыс аймағында өтті. Слетке білім беру саласының жас мамандары қатысып, өзара танысып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.

🎤 Слеттің салтанатты ашылуында Ойыл және Қарғалы аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымдарының төрағалары сөз сөйлеп, қатысушыларға жылы лебіздерін білдірді. Кәсіподақ төрағалары жастарға сенім артып, кәсіподақтың әрдайым қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

🤝 Бағдарлама аясында «Ice-breaking» танысу ойындары ұйымдастырылып, екі аудан жастары арасында еркін қарым-қатынас орнап, командалық рух қалыптасты. Психологиялық тренингтер арқылы қатысушылар бір-бірін жақынырақ танып, жаңа достық байланыстар орнатты.

🌱 «Таза аймақ» экоакциясы барысында жастар табиғатты қорғауға өз үлестерін қосып, сарқырама маңында тазалық жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, көрікті табиғат аясында естелік фотосессия ұйымдастырылды.

🍽️ Түскі ас табиғат аясында ұйымдастырылып, бейресми әңгімелесу арқылы қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті. Бұл сәт жастар арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайта түсті.

🏃 Спорттық-эстафеталық сайыстарда қатысушылар белсенділік танытып, арқан тартыс, көңілді старттар және командалық ойындар арқылы өз шапшаңдықтары мен ұйымшылдықтарын көрсетті.

📚 «Кәсіподақ сағаты: Құқығыңды біл, маман!» бөлімінде жас мамандарға құқықтық кеңестер беріліп, «Педагог мәртебесі туралы» заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кейс-стади форматындағы тапсырмалар қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталды.

🎙️ «Еркін микрофон» алаңында жастар өз ұсыныс-тілектерін білдіріп, жаңа идеяларымен бөлісті. Кәсіподақ төрағаларына сұрақтар қойылып, ашық пікір алмасу алаңы қалыптасты.

🏆 Шара соңында қорытынды жасалып, белсенді қатысушылар марапатталды.

ТӘЖІРИБЕ МЕН ДОСТЫҚ АЛАҢЫ
ТӘЖІРИБЕ МЕН ДОСТЫҚ АЛАҢЫ
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности