+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ, БОЛАШАҚҚА БАҒДАР
Новости территориальных организаций 20 мая 2025

ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ, БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ, БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ, БОЛАШАҚҚА БАҒДАР Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға және кәсіподақ қозғалысының жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған ауқымды шара өтті. «Кәсіподақ жастары: Тарихтан тағылым, болашаққа бағдар» атты жастар форумын Ырғыз…

ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ, БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

☑️Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға және кәсіподақ қозғалысының жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған ауқымды шара өтті. «Кәсіподақ жастары: Тарихтан тағылым, болашаққа бағдар» атты жастар форумын Ырғыз аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының жанынан құрылған Жастар кеңесі ұйымдастырды.

⚜️Форум бағдарламасы бойынша алдымен қатысушылар «Ырғыз өлкесінің тарихы» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.

🧩Жастардың басын қосқан жиында аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Қасымхан Әбенов пен аудан әкімінің орынбасары Серік Қонақбаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Дархан Ысқақов аудан жастарының бастамалары мен белсенділігіне ерекше тоқталды.

✨Форум аясында Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының өкілдері жастармен жүргізілетін жұмыстың маңыздылығына назар аударды. Олар жас буынның креативтілігі мен қоғамдық өмірге белсене араласуы – қоғамның ілгері дамуына түрткі болатын негізгі қозғаушы күш екенін атап өтті.

- Жастар – ел болашағы ғана емес, кәсіподақ қозғалысының да келешегі. Бүгінде кәсіподақ ұйымдары еңбек адамының құқықтарын қорғау мен әлеуметтік қолдау бағытында ауқымды жұмыстар атқаруда. Бұл жолда жас кәсіподақ мүшелерінің үлесі орасан. Биыл білім және ғылым саласындағы кәсіподақ ұйымының құрылғанына 100 жыл толып отыр. Бұл -өткен тарих пен бүгінгі күннің арасындағы алтын көпір. Осы сабақтастықты жалғастыру — сіздердің еншілеріңізде. Жеке дамуда табандылық танытып, қоғамдағы өз орныңызды нық айқындай біліңіздер. Мақсаттарыңыз биік, ұстанымдарыңыз нық болсын! – деді.

🖇️ Басқосуда аудан жастары Ырғыз ауданының (танымал) тұлғалары туралы баяндама жасады. Дөңгелек үстел соңында қатысушылар пікір алмасып, кері байланыс орнатты.

🖌️Дөңгелек үстелден кейін кейін форумға қатысушылар Ырғыз-Торғай резерватының музейіне саяхат жасады. Одан кейін форумға қатысушылар «Жігер» спорт кешенінде өткен командалық ойындарға қатысты. Ойын арқылы жастардың бірлігін, ұйымшылдығын арттыру көзделді. Шара соңында ойында жеңіске жеткен командаларға аудандық кәсіподақ ұйымының тарихи-танымдық саяхатқа жолдамасы табысталды. Сондай-ақ ауданның белсенді жастары аудан әкімінің және аудандық білім бөлімінің Алғыс хаттарымен, облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамоталарымен марапатталды.

☀️Басқосуда бірқатар кәсіподақ мүшелеріне облыстық білім басқармасы мен кәсіподақ ұйымының бірлескен Алғыс хаты және Бурабайға тарихи-танымдық саяхат жолдама табысталды. Бұл сәт – жас спортшылар үшін ерекше қуаныш пен шабыт сыйлаған маңызды оқиғаға айналды.

📃 Айта кетейік, жастардың басқосуы салалық кәсіподақтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылды. Жүз жылдық тарихы бар кәсіподақ қозғалысының жалғастырушысы ретінде жастардың белсенділігі мен бірлігі осы шарада айқын көрініс тапты. Форум аясында өткен барлық шаралар жастарға жаңа серпін беріп, кәсіподақ қозғалысына деген қызығушылығын арттырды. Осындай кездесулер арқылы жастар тарихтан тағылым алып, болашаққа нық қадаммен басатыны сөзсіз…

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности