+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ТӘЛІМ МЕН ТӘРБИЕНІ ТУ ЕТКЕН ТҰЛҒА
Новости территориальных организаций 12 июня 2026

ТӘЛІМ МЕН ТӘРБИЕНІ ТУ ЕТКЕН ТҰЛҒА

ТӘЛІМ МЕН ТӘРБИЕНІ ТУ ЕТКЕН ТҰЛҒА

ТӘЛІМ МЕН ТӘРБИЕНІ ТУ ЕТКЕН ТҰЛҒА Ұлт болашағы бүгінгі бүлдіршіндердің тәрбиесі мен біліміне тікелей байланысты. Ал сол болашақтың іргетасын қалап, әр баланың бойына ізгілік пен адамгершілік дәнін себетін жандардың еңбегі әрдайым құрметке лайық. Осындай өз ісіне адал, бала…

ТӘЛІМ МЕН ТӘРБИЕНІ ТУ ЕТКЕН ТҰЛҒА

Ұлт болашағы бүгінгі бүлдіршіндердің тәрбиесі мен біліміне тікелей байланысты. Ал сол болашақтың іргетасын қалап, әр баланың бойына ізгілік пен адамгершілік дәнін себетін жандардың еңбегі әрдайым құрметке лайық. Осындай өз ісіне адал, бала тәрбиесін өмірлік мұратына айналдырған мамандардың бірі – Жамбыл облысы, Жамбыл ауданының «Балдырған» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Жанна Маратқызы Әлімбекова.

Жанна Маратқызы 1978 жылдың 9 желтоқсанында Жамбыл облысы, Жамбыл ауданының Шоқай ауылында дүниеге келген. Білімге деген құштарлығы мен ұстаздық мамандыққа деген сүйіспеншілігі оны педагогикалық жолға жетеледі. 2009 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін тәмамдап, жоғары білім алды. Бүгінде «педагог-модератор» санатындағы тәжірибелі маман ретінде мектепке дейінгі білім беру саласында жемісті еңбек етіп келеді. Жалпы еңбек өтілі – 23 жыл. Оның 13 жылын «Балдырған» бөбекжай-бақшасында өткізіп, талай бүлдіршіннің тәрбиесіне үлес қосты.

Тәрбиеші мамандығы үлкен жауапкершілікті, сарқылмас шыдамдылық пен мейірімділікті қажет етеді. Себебі баланың алғашқы мінез-құлқы, қоршаған ортаға көзқарасы мен өмірлік құндылықтары дәл осы балабақша қабырғасында қалыптасады. Жанна Маратқызы әр баланың жүрегіне жол тауып, олардың бойына адамгершілік, достық, еңбекқорлық, отансүйгіштік секілді асыл қасиеттерді сіңіруге ерекше мән береді.

Кәсіби шеберлігі мен үздіксіз ізденісінің арқасында ол білім беру саласында көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Түрлі республикалық және облыстық байқауларға қатысып, жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Еңбегі еленіп, Алматы қаласындағы «Tanym.kz» біліктілікті арттыру орталығының Құрмет грамотасымен, Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хаттарымен, Жамбыл облысы білім басқармасының Алғыс хатымен және көптеген дипломдар мен сертификаттармен марапатталды.

Әріптестері арасында сабырлылығымен, жауапкершілігімен және іскерлігімен ерекшеленетін Жанна Маратқызы жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, өз тәжірибесімен бөлісіп келеді. Оның кәсіби кеңесі мен қолдауы көптеген әріптестерінің шығармашылық тұрғыдан дамуына ықпал етуде.

Өз ісіне адал маман ғана емес, өнегелі отбасының ардақты анасы ретінде де көпшілікке үлгі. Ол отбасында бір ұл мен бір қыз тәрбиелеп өсіріп отыр. Ана ретінде балаларына ұлттық құндылықтарды дәріптеп, адамгершілік пен еңбекқорлықтың үлгісін көрсетіп келеді.

Жанна Маратқызының еңбек жолы кәсібіне деген адалдықтың, балаға деген шынайы сүйіспеншіліктің және тынымсыз ізденістің жарқын көрінісі. Осындай еңбек адамдарының қажырлы еңбегі арқасында өскелең ұрпақ сапалы тәрбие мен білім алып, ел болашағының берік іргетасы қалануда.

 

Жамбыл облыстық ұйымы

Все новости

Читайте также

  • ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

    06.08.2026
  • АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ
    Новости территориальных организаций

    АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ

    06.08.2026
  • ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ
    Новости территориальных организаций

    ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ

    05.08.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности